13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚ БИІН САХНАЛАП, ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚ БИІН САХНАЛАП, ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында 17-18 қараша күндері өткен «Азия таланттары» Халықаралық өнер байқауына Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты Т.Рысқұлов атындағы № 20 ЖББМ КММ «Шаттық» би тобы хореография жанры бойынша қазақ биін сахналап, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ аталған мектептен Вокал номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Илесбек Арсен Нұрболатұлы «Мен қазақтың баласы» әнін орындап, жүлделі ІІ орын иемденді!
Өнерлі оқушылардың көркемдік жетекшісі: Ақылов Кенжехан.
Арыс қаласы “Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің” дарынды оқушылары Өзбекстан елі, Ташкент қаласында өткен Халықаралық “Азия Таланттары” өнер байқауында бақтарын сынады.
“Азия Таланттары” Халықаралық байқауында Арыс қаласының намысын қорғап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі І — ІІ орындарға ие болды.
Атап айтсақ, биыл ғана құрылған “Шабыт” домбырашылар ансамблі І орын, жектекшісі Шардан Ұлтусын Қонысбекқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Фортепиано аспабынан Аубакир Ислам І орын, Абдулла Айару ІІ орын, жетекшісі Ташиметова Айжан Муратхановна “Құрмет грамотасымен” мараратталды.
“Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша Ергеш Дінмұхаммед, Қайыпжан Зульфия жүлделі ІІ орын, жетекшісі Орынбай Гүлмайя Арысбайқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Домбыра номинациясынан Байбосын Бекзат, Шералы Ерзат, Байбосын Керемет ІІ орынмен марапатталды.
Аталмыш байқауға түрлі ұлт өкілдерінен өнерпаздар қатысты.Байқау барысында Кентау қаласының талантты, жас қылқалам шеберлері: Абдувахапова Наили және Серік Жансұлуға ІІ — дәрежелі диплом және медаль табысталды. Жетекшісі Абдуллаева Нафиса Алимджановна «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қос шебердің салған шығармасы: «Екі ел өнерінің коллаборациясы» және «Достық» деп аталады.
Ал Арыс қаласы “Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің” дарынды оқушылары Өзбекстан елі, Ташкент қаласында өткен Халықаралық “Азия Таланттары” өнер байқауында бақтарын сынады.
“Азия Таланттары” Халықаралық байқауында Арыс қаласының намысын қорғап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі І — ІІ орындарға ие болды.

Previous Post

Бәйдібек: «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбында математика пән апталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды

Next Post

ОТЫРАР: АУДАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі