13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: АУДАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: АУДАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Ауданда Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары аясында жиын өтті.
Алдымен Талапты, Қоғам ауыл округтерінің тұрғындармен кездескен жұмысшы топ «Тарихты оқып үйрену бірлік пен ынтымақты нығайтуға қызмет етуі керек», «Ішкі тұрақтылық және бірлікті сақтау мәселесінде діни конфессияларда не айтылады?» тақырыптары бойынша жиын өткізіп, кездесу аясында «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың көңіл күйі» тақырыбында фокус-топтық зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Этносаралық келісім мен тұрақты дамуға үндеген шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Шохан Бейсенбиев, ауыл округтері әкімдіктерінің мамандары мен ауыл имамдары қатысып, тақырып аясында жан-жақты мағлұматтар берді.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары Қазығұрт ауданында жалғасты.

«Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2023 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, облыстың этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында қараша айының 6-28 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.

Кездесулер «Тарихты оқып үйрену бірлік пен ынтымақты нығайтуға қызмет етуі керек», «Ішкі тұрақтылық және бірлікті сақтау мәселесінде діни конфессияларда не айтылады?» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың көңіл күйі» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Осы орайда, бүгін жоспарға сәйкес, Қазығұрт ауданында кездесу өтті. Шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, Қазығұрт ауданның бас имамы Сертай Әділхан, тағы басқа белсенді азаматтар қатысты.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Previous Post

ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚ БИІН САХНАЛАП, ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Next Post

МАҚТААРАЛ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі