13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек: «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбында математика пән апталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Бәйдібек: «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбында математика пән апталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты «Жолғабас негізгі орта мектеп» КММ-нің математика пәні мұғалімі М.Амиртаева 20 қараша күні оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру, математика пәні бойынша білімдерін тереңдету мақсатында 5-9- сынып оқушылары арасында «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбында математика пән апталығының ашылу салтанатын ұйымдастырды. Апталықтың алғашқы сөзі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Альжановаға және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Токтиеваларға берілді. Олар өз сөздерінде оқушыларды апталыққа белсене араласып, өздерінің білімдерін шыңдауға, өз өнерлерін ортаға салуға шақырды. Математика пәні мұғалімі М.Амиртаева «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбындағы апталықтың жоспарымен оқушыларды таныстырды. Апталықтың ашылу салтанатын 9-сынып оқушылары Оразалы Жанеля мен Оңғарбай Динара жүргізіп оқушыларға «Кім жылдам?» ойыны арқылы түрлі логикалық есептерді жасырды, және викториналық сұрақтар қойып оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Оқушылар белсене араласып , өздерінің білімдерін көрсетті.
Ұстаздар ашық сабақтар барысында тәжірибе алмасумен қатар, «Оқушылардың зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру» коучингінде оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту жолдарын талқыға салды. Әдістемелік бірлестік ұстаздарымен «Өз ойыным», «Математикалық турнир», «Математикалық брейн-ринг», «GO TO Квадрат теңдеулер» сыныптан тыс іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың барысында оқушылар өздерінің математикалық тапқырлығын сынаққа салып, қызықты сайыста білімдерін бағалауға мүмкіндік алды. 12-сынып оқушыларына арналған «Математика пәнінен СЖБ-ға дайындық лайфхактары» іс-шарасында мектептің болашақ түлектеріне пайдалы болатын құнды ұсыныстар мен кеңестер берілді.

Математика апталығы барысында оқушылар өткізілген іс-шараларға үлкен белсенділікпен ат салысып, зияткерлік қабілеттерімен ерекше көзге түсті.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ

Next Post

ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚ БИІН САХНАЛАП, ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі