13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Абуова 2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Түркістан облысы білім басқармасының және облыстық «Білім беруді дамыту орталығының » бастамасымен Түркістан облысының педагогері Жапонияның Токио қаласында «Мұғалімнің тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson study) тақырыбында өткен шетелдік іс-тәжірибесімен 2023 жылдың 17 қараша күні М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен жинап, көріп қайтқан тәжірибесімен бөлісті. Таныстырылым барысында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары тарапынан ондағы сабақты зерттеу әдісі, білім сапасы, оқушыларды ерте жастан өмірге баулу туралы сұрақтарына жауап берді.
Тәжірибе алмасу кездесу кешінде Жапонияның білім беру жүйесі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай, «Демократиялық ел құрылысы және жылдам экономикалық білім беру» ұранымен милитаризмнен демократияға көшкенін, Жапонияның білім беру жүйесінде бастауыш мектептегі 1-6 сыныптар, орта жалпы білім беретін мектептегі 7-9 сыныптар, жоғарғы орта мектептегі 10-12 сыныптар 9-сыныптан кейін оқушылардың 98,8 пайызы орта мектепке түседі.Бастауыш сыныптарда сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, орта мектептерде 50 минутты құрайды.
Делегация құрамы 31 қазан күні Жапонияның Канагава префектурасының Иокогама ауданында орналасқан 150 жылдық тарихы бар Оока мемлекеттік бастауыш мектебінде болғанын және мектеп бойынша кіші қызметкер персоналы қарастырылмағанын, асхана жоқ екендігін- оқушылар сынып ішінде тамақтанатынын ,тазалық жұмыстарын әр сыныпта оқушылардың өздері жүргізетіндіктеріне қызығушылық танытып, таныстырылым арқылы көрсетті.
Тобио мектебіне, қатысқан сабақтарға жеке-жеке тоқталып, слайдтар арқылы білім беру саласына тоқталды.
Сонымен қатар, Жапония мемлекеті жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруға яғни баланың ойлау қабілетін дамытуға функционалды сауатты тұлға ретінде тәрбиелеуде басымдылық байқалғанын, енді алдағы уақытта Жапон мемлекетінен алмасқан іс-тәжірибемізді өзіміздің білім беру ұйымдарымызда іс жүзінде пайдаланып, білімді , саналы, еліне деген патриоттық сезімі жоғары жеке тұлға қалыптастыруда аянбай күш жұмсап, келешектің болашағы үшін аянбай еңбек етеміз деп Сеніммен айтты және аталған тәжірибені өз білім беру ұйымдарында қолданып көруге ұсыныс білдірді.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Next Post

Бәйдібек: «Математика –қызықты да , сырлы әлем» тақырыбында математика пән апталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі