13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылғы 21 қараша күні білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру мақсатында мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, орталықтандырылған есеп бөлімшесінің есепшілерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиынға Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің превенция басқарма басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Әсетұлы, Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Тангатаров Азамат Асылбекұлы және Фаворит «Helios-soft» ЖШС, «1С» «Азия-сервис» ЖШС өкілдері қатысты.
Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасының негізгі мақсаты: – бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қосымша функциялар мен техникалық шешімдерді енгізу.
Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты 62 мекеме 2023 жылдың сәуір айынан бастап Favorit бұлтты бухгалтериясында жұмыс жасауда.
Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы жауапты мамандардың Favorit бұлтты бухгалтериясын меңгеруі және жұмыс жасау дағдылары сараланып, зерделенді. Favorit бұлтты бухгалтериясында қауіпсіздік деңгейін жетілдіру бойынша Фаворит «Helios-soft» ЖШС өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, білім басқармасының бөлім басшысы А.Тангатаров жиын барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Облыстан келген мамандар аудандық білім бөлімі мен бөлімге қарасты білім беру ұйымдарында жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру процестерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандыру, жетілдіру, бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қосымша функциялар мен техникалық шешімдерді енгізу болып табылады.
Білім беру ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша отырыста облыс әкімі Дархан Сатыбалды пилоттық жобаның маңыздылығын атап өткен еді.

Previous Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРОРИЗМ КӨРІНІСТЕРІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі