13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРОРИЗМ КӨРІНІСТЕРІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРОРИЗМ КӨРІНІСТЕРІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданына қарасты білім беру ұйымдарында 2023 жылдың 21 қараша күні Түркістан облысы ПД ЭҚКБ-ның бөлім бастығы, полиция полковнигі Қ.Жумадиллаев, Түлкібас ауданы ПБ-нің бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Н.Елшібаев және Түлкібас ауданы білім бөлімінің бас маманы Б.Қилыбаевтың қатысуымен «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» бойынша ақпараттық-семинар өткізілді.
Семинарда оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік берілді, оның түрлері, себептері мен зардаптары ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды.
Біздің еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары профилактика және мақсатты реабилитациялау сияқты негізгі екі бағытта жүргізіліп келеді. Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.Түркістан қаласында діни экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында, қоғамдық орталар мен білім орталарында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» тақырыбында кездесу жиындары өтуде. Жиындарда мамандар ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мекеме ұжымымен кездескен мамандар Жаңа діни қозғалыстар тақырыбында әңгіме өрбітіп, олардың сипаттары мен ерекшеліктеріне кеңінен тоқталуда. Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы деструктивті діни ұйымдарға қатысты мәселелердің маңыздылығы біздің халқымызға жат діни және псевдодіни ағымдардың мәселелері күн тәртібінде тұрғандығы айтылуда.
Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы туралы ақпараттар ұсынылды.

Previous Post

Ата-аналар жиналысы өтті

Next Post

ТҮЛКІБАС: БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі