13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ата-аналар жиналысы өтті

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ата-аналар жиналысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ә.Науаи атындағы жалпы білім беретін мектебінде 21 қараша күні » Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда мектеп пен отбасы арасындағы өзара қарым қатынасты нығайту мақсатында 1 «Б,В» сыныптарының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Жиналысты өткізуден мақсат: Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екендігін түсіндіру, ата-анамен мұғалім арасындағы байланысты жақсарту. Жиналыста ата-аналармен түрлі тапсырмалар орындалып, көңіл — күйлерін көтеру мақсатында ата-аналарға жаттығулар жасатып, ойындар ойнатылды.
Ал Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы, «Жеткіншектің жеті жарғысы»жобасы аясында сынып жетекшілер «15 қараша -Ұлттық валюта күніне» орай «Ұлттық теңге-мақтанышымыз» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті.
Ұлттық валюта теңге күні Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Осыдан 30 жыл бұрын 15 қараша күні еліміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихы,оның тарихи маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салып,сұрақ-жауап қойып,пікір алмасты.
Еліміз жылдар өткен сайын дамыған мемлекеттердің қатарынан көрініп келеді.Біз мемлекетіміздің Тәуелсіздігін баянды етуде ұлттық теңгеміздің , белгілерін ерекше қадірлеп, қастерлеуіміз керек.
Сонымен қатар, осыған дейін Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты Б. Төлепбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылының 16 қараша күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету» орталығымен бірлескен жоспары бойынша мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Әбухан Гүлсім «Баланы жастан. Баланың білімдарлығы мен ептілігін қалай дамытамыз?» деген тақырыпта ата-аналар жиналысын өткізді.
Жиналысты «Жұмсақ шеңбер» ойын арқылы шаттық шеңберін құрумен бастады. Ата-аналарға «Мен сабарлы ата-анамын» Тимбильдинг ойынын ойната отырып, баланың жан-жақты дамуына ерінбей, әрдайым қолдау көрсетіңіздер деген ұсынысын айтып өтті. «Судағы гүлдер» әдісі бойынша ата-аналарға жиналыстың тақырыбы бойынша түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды. Жиналысқа қатысқан әрбір ата-ана өз баласына айтар тілегі мен күтер үмітін күннің шуағына жазып жапсырды. Жиналыстың соңғы бөлімінде сынып тәрбиешісі «Шуақты көктем» Республикалық жас суретшілер байқауына қатысқан он бес бүлдіршіннің барлығы да ұтып алған сурет салуға арналған планшет пен мадақтама қағаздарын табыстады . Кішкентай бүлдіршіндерге -«Жарайсыңдар балақайлар! Өнерлерің өрге жүзсін» деген тілек тілейміз.

 

Previous Post

“Электронды кестеде деректер базасын құру” тақырыбында ашық сабақ өтті

Next Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРОРИЗМ КӨРІНІСТЕРІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі