«Шеңгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ-де “МИФ” бірлестігінің 06.11-30.11.2023 айлық іс шара жоспарына сәйкес 16.11.23 жылы физика-информатика пәні мұғалімі Н.Сагинбаева 9-сыныпқа информатика пәнінен “Электронды кестеде деректер базасын құру” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты Kahoot.com сайты арқылы бастап, үйтапсырмасы тест түрінде тексерілді. Оқушылар өздерінің алған нәтижелерін бағалау парағына түсірді. Бұл тәсіл оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. “Миға шабуыл” стратегиясы бойынша жаңа сабықтың тақырыбы мен мақсаты айқындалып, пән мұғалімі қысқаша теориялық білім берді. Сонан соң оқушылар ноутбукте MS Excel-де деректер базасын «форманың» құрды. Оқушылар дескриптор бойынша бағалау парағына өз-өздерін бағалап отырды. «Қыдырмашыл сұрақтар» әдісі бойынша сынып оқушылары стикер арқылы 2 топқа бөлініп, сабақта өткен жаңа терминдер бойынша сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтардың ерекшелігі, жауаптың артында келесі сұрақтың қайда тұрғаны жазылған. Барлық сұраққа бірінші жауап берген, жеңген топ оқушылары бағалау парағына тағы 1 балл қосылды. Сабақ соңында бағалау парағындағы балдардың жиынтығы шығып, оқушылар бағаланды. Кері байланыс One Driver платформасы арқылы жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.
Айта кетейік, Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – қазіргі заманның талабы. Көп жаңалықтарды іздеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың негізгі міндетіне айналды. Оқытушылар өз сабақтарында мейлінше жаңаша әдістерді пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Күнделікті сабақтардың жоғарғы деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – философия, әдістемелік ұстаным. Оқытушы кез келген стратегияның қыр-сырын, әдіс-тәсілін жетік білуі қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген стратегиялардың 80-нен аса түрі бар. Осы әдіс-тәсілдердің тиімдісін және пайдалысын оқытушы өз еркімен таңдайды. Осындай әдіс-тәсілдерді зерттей келе, көңілімнен шыққан, әлімдік озық идеялар негізінде жасалынған жобалардың бірі −«Миға шабуыл» әдісі.
Миға шабуыл әдісін 1941жылы А.Ф.Осборн ұсынған болатын. Алғашқы кезде жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген болатын. Миға шабуыл– топ мүшелерінің белгілі бір тақырып бойынша белсенді жұмыс істей отырып, соған қатысты айтылған идеяларды өз ішінде талқылап, ортақ келісімге келгендерін негіздеп жазып ұсыну әрекеті. Бұл әрекет оқытушы тарапынан нақты белгіленген уақыт көлемінде орындалуы шарт.