Сауран ауданының білім бөліміне қарасты Рахманқұл Бердібай атындағы білім беретін мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды. Ең алдымен орталықтың қызметі педагогикалық ұжымға және ата-аналарға таныстырылып, мақсаты мен міндеттері түсіндірілді. Орталықтың оқу жылына арналған бағдарламасы бекітілді.
Аталған орталық жұмысының мақсаты: балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында мектептің ата-аналарының қарым-қатынасын күшейту және берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру.
Жоспар бойынша 2023 жылдың 1 қараша күні орталықтың ашылу салтанаты болып өтті. 1-4 сыныптар «Отбасы бақыт бесігі», 5-9 сыныптар «Баланың бас ұстазы — ата-ана», 10-11 сыныптар «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Еске салсақ, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында, ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, балалармен қарым-қатынаста психологиялық, педагогикалық тұрғыдан бағыт бағдар беру және отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау орталығы» ашылуда.
Жалпы аудан бойынша 60 мектеп директорлары, 70 тәрбие ісі бойынша директор орынбасарларына арналған жиын өтті.
Сонымен қатар, «Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау орталығы» бойынша алғашқы сабақтар басталды. Атап айтсақ: 1-4 сынып жетекшілері «Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам», 7-9 сынып жетекшілері «Баланың бас ұстазы – ата-ана», 10-11 сынып жетекшілері «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…». Ендігі кезекте ата-аналармен кері байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынас жасау.
Мұндай кабинетті ашудағы басты мақсат – қазақстандық балалардың әл-ауқатын позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту арқылы қамтамасыз ету.Бұйрыққа сәйкес мектептің педагог-психологы, әлеуметтік педагогы, қббп, сынып жетекшілері ұсынылған тақырыптар аясында оқыту, кеңес беру, тренингтер өткізеді. Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас орнатуға көмек беру, сол бағытта кеңестер мен дәрістер жүргізу.
Сонымен қатар, олардың басты басымдықтары – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы бойынша жұмысты күшейту және ата-аналардың позитивті мәдениетін дамыту.
Жалпы аудан бойынша 60 мектеп директорлары, 70 тәрбие ісі бойынша директор орынбасарларына осы тақырып аясында тағы да таныстыру, бағыт бағдар беру жиыны өткізілді.