Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернатында қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау мақсатында «Тоғыз айға, 9 іс шара» тұжырымдамасы аясында тәрбиеленушілермен асық ойыны ұйымдастырылды. Асық ойыны арнайы орынды талғамайтын болғандықтан, күнделікті кешкісін жатақханада, «Бес асық», «Ханталапай», «Омпа» ойындары ойнатылды.
20-қараша күні айлыққа сәйкес Б.Стамқұлов, Қ.Мырзахмет, Б.Сағынбеков, М.Анарбаев, К.Тойкеновалардың ұйымдастыруымен «Ханталапай», «Бес асық», , «Бес табан», ойындары ойнатылды. Нәтижесінде «Асық ату» ойыны бойынша І орын 7ә сынып оқушысы Абылайхан Сүндет, ІІ орын 6а сынып оқушысы Құрманәлі Нұрдаулет, ІІІ орын 7ә-сынып оқушысы Ильясов Еркін иеленді. «Бес табан» ойынынан 8ә сынып оқушысы Досжан Имран жеңімпаз атанды. «Ханталапай» ойынанан І орын 5ә сынып оқушысы Батырбек Нұрдаулет.ІІ орын 5ә сынып оқушысы Сырлыбай Нұрислам иеленді.» « Бес асық» ойынынан І орын 8ә-сынып оқушысы Өмірзақ Балнұр,ІІ орын 6ә-сынып оқушысы Ералы Айару иеленді. Алдағы уақытта тәрбие сағаттарды қорытындылап , «Асық ату» челленджімізді жалғастырамыз.
Ұлттық ойындар – саламатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз үдерістің жалғасы болуы тиіс. Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойын түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.
Жалпы, ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді.