Жуырда Шардара ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің жұмысын үйлестірудегі негізгі қағидалар» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарға облысқа қарасты аудандардан Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемелерінің меңгерушілері және Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлері және жауапты мамандар қатысты.
Іс-шара барысында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуде нормативтік құжаттардың рөлі» жөнінде ППТК-нің басшысы М.Ж.Маканов жан-жақты саралап, түсіндіріп өтті.
Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
16. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы уәкілетті орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары (бөлімдерімен) үйлестіреді.
17. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен,
қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
18. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі.
19. Педагог-психолог өз қызметінде:
1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны, психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін біледі;
6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
13) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
16) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
17) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық,
түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;
18) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысады;
19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;
Сонымен қатар, «Жемістер» атты ашық сабақты логопед А.Б.Байбалова, «Қызықты ойындар» педагог-психолог М.К.Даулбаева, «Баланы ЖХЖ (МКФ) шеңберінде тексеру» дефектолог А.Р.Тулебаева өткізсе, «Баланың психологиялық-әлеуметтік дамуы мәселелерін бағалауды жүргізу технологиясы» тақырыбында әдіскер А.К.Камалова әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнады.