Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 17-20 қараша күндері аралығында Төлеби ауданы Біркөлік шатқалындағы туристік лагерде «Жас құтқарушы» атты мектеп оқушылары арасында өтетін облыстық туристік жарысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
— Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру;
-Топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау;
-Құтқару жұмыстарын үйрету;
-Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.
Облыстық туристік жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Түркістан, Кентау, Арыс қалалық, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт, Отырар, Созақ, Келес аудандық бөлімдерден жалпы 110 оқушы қатыстырылды.
Туристік жарыс «Кедергілер жолағы», «Құтқару жұмысы», «Жауынгерлік киім кию», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Патриоттық ән», «Сұрақ-жауап» кезеңдері бойынша жарысқа түсті. «Жас құтқарушы» жарысының мақсаты балалар және жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу, төтенше жағдайлардың туындауы мек қауіпі төнген кезінде жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселесіне саналы және жауапты көз карасты қалыптастыру, балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу және «құтқарушы» мамандығын насихаттау болып табылады.
«Жас құтқарушы» атты мектеп оқушылары арасында өтетін облыстық туристік жарысының қорытындысы бойынша:
І орын — Төлеби ауданы, жетекшісі Қаныбеков Бахтияр;
ІІ орын — Түркістан қаласы, жетекшісі Тұрсын Ермек;
ІІІ орын — Түлкібас ауданы, жетекшісі Қабылбай Бектұрсын.
Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің І, ІІ, ІІІ жүлделі дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.