Мақтаарал ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы кіші сержант Сериков Мухит Алмаханбетұлының ұйымдастыруымен ҰҚК Шекара қызметінің «Мырзакент» шекара басқармасының жоспары аясында «Бостандық» шекара бөлімшесінің бастығының тәрбие ісі бойынша орынбасары, лейтенант Жандарбеков Наурызбектің қатысуымен мектеп оқушыларына кездесу өткізілді.
Мақсат — болашақ ел қорғаны болатын офицерлерге әскери оқу орындары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Еліміздің патриоттарын көбейту. Кездесу барысында шекара қызметкерлері мектеп оқушыларымен өз қызметтерінің қыр-сырларымен бөлісіп, дала жиынында ел шекарасын қорғаумен Қазақстан Республикасының азаматтарына лайықты, өз отанына адал еңбек етіп жүрген тұлға екендіктерін көрсете білді. Отанын сыртқы қауіптен қорғау, ел тыныштығына іштен іріткі салушылардан сақтау қай елдің болса да басты бағыттарының бірі болып табылатындығын кездесу барысында сезіне білген оқушылар кеш қонақтарына арнап патриоттық әндер шырқап, шекара қызметкерлеріне өз көкейлерінде жүрген сан-сауалдарын қойды. Шекарашылар қызметіне қыздар да келіп оқи алады. Бастысы – ниет пен жұмысқа деген табандылық. Басқа қызметтегідей емес, әскери адам болу үшін денсаулық маңызды. 11-сынып бітірместен жарты жыл бұрын арнайы тексеріліп, құжат тапсырып қойсаңыздар болады.Қонақтар оқушылар қойған шекара қызметіне оқуға түсу, ондағы қызметтік иттер мен қару-жарақтар, шекара қорғау кезіндегі қызықтар туралы сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында шекара бөлімшесінің қызметкері өз мамандығы жайлы оқушыларға кеңінен түсіндіріп, шекара қызметінің маңызды әрі жауапты іс екенін оқушылар назарына жеткізді.
Сонымен қатар әскери факультеттер және шекара қызметкері мамандығын таңдау бойынша түсіндірме жұсыстарын жүргізіп, оқушылар тарапынан қойылған әрбір сұраққа кеңінен жауап берілді.