Таяуда Сауран ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық және бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсат-міндеті – педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі шығармашылық жағынан жетілдіруін ынталандыру, бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру;
Педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру;
Озық педагогикалық тәжірбиелерді тарату;
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу практикасында жаңа педагогикалық техналогиялар мен әдістерді енгізу;
Мұғалімдерді білім беру және технология саласындағы әдістемелік құзыреттілікті кеңейтуге ынталандыру;
Бірлескен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тарту;
Фестивалдің аудандық кезеңіне мектепалды даярлық сыныптарынан — 7 мұғалім, бастауыш сынып мұғалімдерінен 34 педагог қатысты.
Бұл жоба ә«Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы педагогикалық байқауға биыл мектеп, колледж, мектепке дейінгі ұйымдар мен оқыту орталығынан үш жүзге жуық талантты мұғалім жиналды.
Қатысушылар кәсіби қызметтегі жетістіктерімен жұмыс нәтижесін таныстырды. рбір қазақстандық педагогке: мектепке дейінгі білім беру педагогінен бастап ЖОО оқытушысына дейін, кешегі түлек пен еңбек сіңірген білім қызметкері – қарапайым мұғалімдер, бірақ ерекше адамдарға өз ойын білдіруге мүмкіндік береді.
Фестиваль қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке ие болған Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Неметова Шахзода және Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып педагогі Мирзалиева Айгерім облыстық кезеңге жолдама алды.