Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Өзбекістан астанасы Ташкент қаласында «Азия таланттары» халықаралық өнер байқауы өтті. Аталған өнер байқауына Кентау қаласы білім бөліміне қарасты «Кентау балалар көркемсурет мектебінің» шәкірттері бейнелеу өнері жанры бойынша қатысып, бақ сынады.
Байқау барысында Кентау қаласының талантты, жас қылқалам шеберлері: Абдувахапова Наили және Серік Жансұлуға ІІ — дәрежелі диплом және медаль табысталды. Жетекшісі Абдуллаева Нафиса Алимджановна «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қос шебердің салған шығармасы: «Екі ел өнерінің коллаборациясы» және «Достық» деп аталады.
Ал Арыс қаласы “Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің” дарынды оқушылары Өзбекстан елі, Ташкент қаласында өткен Халықаралық “Азия Таланттары” өнер байқауында бақтарын сынады.
“Азия Таланттары” Халықаралық байқауында Арыс қаласының намысын қорғап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі І — ІІ орындарға ие болды.
Атап айтсақ, биыл ғана құрылған “Шабыт” домбырашылар ансамблі І орын, жектекшісі Шардан Ұлтусын Қонысбекқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Фортепиано аспабынан Аубакир Ислам І орын, Абдулла Айару ІІ орын, жетекшісі Ташиметова Айжан Муратхановна “Құрмет грамотасымен” мараратталды.
“Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша Ергеш Дінмұхаммед, Қайыпжан Зульфия жүлделі ІІ орын, жетекшісі Орынбай Гүлмайя Арысбайқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Домбыра номинациясынан Байбосын Бекзат, Шералы Ерзат, Байбосын Керемет ІІ орынмен марапатталды.
Аталмыш байқауға түрлі ұлт өкілдерінен өнерпаздар қатысты.Осыған дейін Арыс қаласының тұрғыны, 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілхан әлемдік 21 университеттен шақырту алды. Бір қызығы, оған Шапағаттың жазған резюмесі себеп болған. Онда, ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше жазба қалдырыпты.