Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты «Зерде» жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Басимбекова Жаңыл ұстазы, физика пәні мұғалімі Салтанат Бахтиярқызының жетекшілігімен «Ғарыштық аппараттар және ракета тасымалдаушылар» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізді. Белгілі бір бағытта жүріп отырып, ауа температурасын өлшеп, шыңдағы тау жыныстарын зерттеп-талдау, оны қашықтан басқару мақсатында ғарыштық аппарат және ракета тасымалдаушы құрылғы жасады.азіргі технологияны жасанды жер серіктерінсіз елестету өте қиын. Оларды орбитаға алып шығу үшін ЗТ тарды қолдануға тура келеді.Технология дамыған сайын жер шарының экологиясына кері әсері күшейе түседі. Дүние жүзінде көптеген елдер өз ғарыш айлағын салуға кірісіп кеткен.Жер жүзінде 20-дам астам ғарыш айлағы болса,сол ғарыш айлақтарыннан экологияға әсер ететін зиян мөлшеріде артады.Бұған тағы сол ғарыш айлақтарыннан ұшыру жиіліктерін және және ЗТ-да қолданылатын отын элементтерін қосыңыз.Онсызда жер шарының экологиясына кері әсерін тигізетін көптеген эаводтармен комбинаттардан, көліктерден шығатын түтіннің әсері аз емес.Және ЗТ орбитаға ғарыш кемесін шығарғандағы озон қабатының бұзылуы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп қатерлі ісік,денсаулығының бузылуына алп келіп соғады.Озон қабатының адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екені айдан анық.
Ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында төмендегі жайттарды жасағысы келді:
1. Гравитациялық кеңістік мәселесіне назар аудара отырып, күнделікті тұрмыстағы жағдаймен келесі бір планетаны байланыстыру, ұштастыру;
2. Осы аппарат арқылы кішірек болса да планета туралы өзгеріс енгізу.
Бұл идея ең алдымен Қазақстан аумағында сапалы ақпараттық һәм телекоммуникациялық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапсын деген мақсатта жасалынды. Бұл ретте қазақстандық аппарат Қазақстан, Орталық Азия мен Ресейдің біршама аумағына арзан әрі сапалы байланыс түрлеріне өз пайдасын тигізбек.
Бүгінгі күні елдегі хабар тарататын телеарналар мен байланыс операторлары бағасы жағынан айтарлықтай қымбат шетелдік жерсеріктеріне жүгініп келеді. Тұңғыш «ҚазСат-1» жерсерігі сәтсіздікке ұшырғаннан кейін отандық операторлар шетелдік спутниктік қызметті пайдалануға мәжбүр болған. Сол себепті бұл жұмысты дамытып, тәжірибе жасағысы келді.