Арыс қаласы “Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің” дарынды оқушылары Өзбекстан елі, Ташкент қаласында өткен Халықаралық “Азия Таланттары” өнер байқауында бақтарын сынады.
“Азия Таланттары” Халықаралық байқауында Арыс қаласының намысын қорғап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі І — ІІ орындарға ие болды.
Атап айтсақ, биыл ғана құрылған “Шабыт” домбырашылар ансамблі І орын, жектекшісі Шардан Ұлтусын Қонысбекқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Фортепиано аспабынан Аубакир Ислам І орын, Абдулла Айару ІІ орын, жетекшісі Ташиметова Айжан Муратхановна “Құрмет грамотасымен” мараратталды.
“Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша Ергеш Дінмұхаммед, Қайыпжан Зульфия жүлделі ІІ орын, жетекшісі Орынбай Гүлмайя Арысбайқызы “Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Домбыра номинациясынан Байбосын Бекзат, Шералы Ерзат, Байбосын Керемет ІІ орынмен марапатталды.
Аталмыш байқауға түрлі ұлт өкілдерінен өнерпаздар қатысты.Осыған дейін Арыс қаласының тұрғыны, 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілхан әлемдік 21 университеттен шақырту алды. Бір қызығы, оған Шапағаттың жазған резюмесі себеп болған. Онда, ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше жазба қалдырыпты.
«Тамыз айының соңында IELTS тапсырып 6,5 балл жинадым. Содан «common app» бағдарламасы арқылы әлемдік жоғары оқу орындарына хат жаздым. Арада 3-4 ай өткенде оқуға шақыртулар келе бастады. Қатты қуандым. Әке-шешем де, ұстаздарым да қатты қуанды. Шет елде білім алуға ата-анам қарсы емес. Дегенмен, әлі нақты келісімін бермеді. Енді қаңтар айында гранттың толық нәтижесі шығады. Сол кезде қай университтетте оқитыным белгілі болады» — дейді ол.
Әлемнің 28 университетіне жазған хаттарынан 21 жауап келген. Арнайы шақыртулар жіберіп, білім гранттарын ұсынған жоғарғы оқу орындарының қатарында Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары бар.
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «№8 В.Комаров атындағы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, отбасының кенже қызы Шапағат Сейілхан бала күнінен ағылшын тілі пәнін жақсы оқыған. Шетел елдерден білім алуды армандаған. Сол үшін әлемдік тілдердің ішіндегі ағылшын тілін бала кезден үйренуге бет бұрды. Осы ағылшын тілін меңгеру барысында көптеген олимпиада мен байқауларда жеңімпаз атанды. Шапағат болашақта халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түсуге қалайды. Сол үшін казіргі таңда жоғарғы оқу орнына түсу мақсатында мұғалімдермен дайындық үстінде. Оның басты арманы — Чикаго университеті! Себебі, ондағы рейтинг әлемдік деңгейде жоғары бағаланады.
Дарынды жастың қалауын достары, ата-анасы, ұстаздары қолдап, әр жетістігіне қуана біледі. Шапағат секілді дарынды шәкірттеріміз әлемдік білім деңгейнде көрініп жатса, бұл обылысымыз үшін де, тәлім-тәрбие алған ұстаз, мектебі үшін де үлкен мақтаныш болмақ.