Бүгін Түркістан облысы,Бәйдібек ауданы»Шаян»мектеп-лицей»КММ-де елімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылдың 12 қазандағы № 307 бұйрығына сәйкес ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадасы басталды. Олимпиаданың мақсаты-Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау,неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу,олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын айқындау болып болып табылады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты республика бойынша бір мезетте 9:00 басталды.Олимпиаданың ашылу салтанатында мектеп-лицей директоры Амизов Дәулет Жылқайдарұлы білім алушыларға сәттілік тілеп,бірінші кезең олимпиадасының жеңімпаздары ертеңгі күні облыс көлемінде ауданымыздың абыройын асқақтатуға үлес қосатындықтарына сенім білдірді.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Одаманова Дина Ниязқызы жалпы олимпиаданың өтілу ережесімен таныстырып,барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Салтанатты жиын мектеп оқушыларының өнерімен жалғасын тауып,білім алушылар олимпиаданың бастапқы кезеңін ағылшын тілі пәнінен тапсырды.Білім алушыларға сәттілік серік болсын!Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі бүгін Отырар ауданы, «Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы лицей интернатында салтанатты түрде ашылды.
Мақсат — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатысуда.
«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.
Бастапқы кезеңге қатысу үшін аuyl.daryn.kz сайтында 85 401 оқушы тіркелді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізілді. Кезең қорытындысы орталықтың сайтында жариялатын болады» — дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Каркулова.
Айта кетейік, ІІ іріктеу кезеңін желтоқсан айында облыстық білім басқармалары өткізеді. Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада беріледі.
Олимпиаданың III кезеңіне ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.
III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай мектепке қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.