2023 жылдың 15 қараша күні Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Н.Тұрсынбеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінде аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын мақсатқа жету жолындағы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, сыни , шығармашылық, логикалық ойлау, зияткерлік дағдыларын дамыту. Семинарға барлық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарды мектеп директоры Дүйсенбаев Ғ. ашып беріп, мектептің тарихымен таныстырып, педагогтері туралы тоқталып өтті. Пән әдіскері Г. Оразбаева семинардың маңыздылығы мен семинар тақырыбының ашылуына аса мән беру керектігі туралы айтты және семинар бағдарламасымен таныстырды.
Семинарда Турсынқұлова А. 9-сынып «М.Өтемісұлының өлеңдерінің табиғаты», Жолдасбекова А. 7-сынып «Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік», Сарсенбаева Д. 6-сынып «Астана-әсем қала» және десанттық сабақты Жамбыл атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шаметова Р. 8-сынып «М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауындағы заман келбеті», А. Оразбаева атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байғонова Б. 5-сынып » Адам және жыртқыш аң» тақырыптарында ашық сабақтарын өтті. Семинар барысында басты мақсат — тақырыптың ашылуы, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, тақтамен жұмыс жасау аясында тиімді кері байланыстар берілді және пән мұғалімдеріне өз ұсыныстарын да жеткізе білді.
Осындай қазіргі таңда берері мол, әсіресе жас мамандарға әдістемелік сүйемелдеу мақсатында өткізілген іс-шаралар өз кезеңімен жалғасын таба бермек.