О. Ағыбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 8-10 сыныптар арасында «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу онкүндігінде «Жасөспірімдер жұмыс жасау керек пе?» тақырыбында дебат ойыны жүргізілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру. Бала еңбегі Қазақстанда да кеңінен етек жайып келеді. Жүргізілген зерттеулер шектеулі ақпарат бергенімен, бала еңбегі масштабтарының кеңею үрдісі байқалуда. Қалыптасып келе жатқан еркін рынок жағдайларында жұмыс жасайтын балалардың саны қарқынды түрде көбеюде. Балалар тиісті заңдық және әкімшілік бақылаудың жеткіліксіздігінен және тиісті заңнамалық актілердің немесе оларды іске асыру тетіктерінің жоқтығынан айла — шарғы жасау және пайдалану объектісі болуда.
Оқушы: Қазіргі таңда әлемде балалар еңбегі маңызды мәселе болып отыр. Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше дүние жүзінде 215млн бала еңбекпен шұғылданады. Ол балалардың дамуы мен білім алуына кедергі келтіріп, болашақта өмір сүру қаражатынан айырады; олардың көпшілігі физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян келтіретін, тіпті өмірлеріне қауіп тудыратын балалар еңбегінің ең ауыр түрлерінде анықталған.
Әр фракция мүшелері өз пікірлерін нақты дәлелдермен келтіріп, қызықты да тартысты ойын көрсете білді.
Еске салайық, Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «Б.П. Заманауи қазақстандық әрбір отбасы балаларды толыққанды тәрбиелеу мен дамыту үшін өз бетінше қолайлы жағдай жасай алады деп есептейді» тақырыбында мектепішілік дебат ойыны өткізілді. Аталған шараның мақсаты — оқушының бойына жеке ізденіс арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтар, салт дәстүрін насихаттау және ұлылығын сіңіру болып табылады. Ұлтжандылық туралы түсінік бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ойынды тарих пәнінің мұғалімі Еспен Нұрдәулет жүргізді. Төрешілер ойынды әділ жүргізе отырып, ойында қамтылмай қалған тұстары мен артық мағлұматтарды анықтап, баға беру барысында атап өтті. Кез келген ата-ана өз балалары үшін барлық жағдайды жасауға қабілетті. Ол үшін балалары өз қажеттілігін сұраса болғаны деген қорытындыға парламент палатасы келді. Оппозиция палатасы әр түрлі үкімет тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететінін алға тартты. Ойын соңы үкімет палатасының жеңісімен, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынаспен аяқталды.