Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілген «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техника байқауында Arduino жиынтығымен машина құрастыру, аrduino жиынтығымен құрастырылған машинаға бағдарлама орнату және аrduino жиынтығымен құрастарылған машинамен кедергілерден өту кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Жалпы 14 команда қатысқан байқауда қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды.
порт – қашан да ел тарихындағы басты тақырыптардың бірі. Халықты салауатты өмір салтына баулуда, ел дамуына спорттың үлесі өлшеусіз. Себебі, аталмыш сала тарапынан жасалып жатқан келелі істер кемел келешекке бастайтын даңғыл жол болатыны анық. Ендеше, киелі шаһардағы спорт саласында биыл қандай жаңалықтар мен жетістіктер бар? Қолға алынған ілкімді істердің нәтижелері туралы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Асилбаев баяндаған болатын. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы екені даусыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне қатысты біршама тапсырмалар берген болатын.– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бүгінде киелі шаһарда бұқаралық спорт саласында үлкен мүмкіндіктер пайда болғаны баршаға аян.
Аталмыш байқауда Сайрам ауданының №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары 10 сынып оқушысы Нұрболат Ералыұлы, 8 сынып оқушысы Нұрислам Қыдырбек жүлделі орын иеленіп, 75.000 теңгелік қаржылай сертифкаттармен марапатталды.