Өңірдегі Қожа Ахмет Яссауи атындағы жоғарғы оқу орнында Өкілетті кеңес пен Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұйымдастыруымен маңызды жиын өтті. Онда Түркия мемлекетінен келген профессор, доктор Сердар Селман «Bio Malzeme Secımı» тақырыбында, ал Рамазан Козе «Karbon ayak izi» тақырыбында семинар өткізді. Жиынға факультет ұжымы мен студенттер және магистранттар қатысты.
Баяндамасын Қырым зиялысы Исмаил Гаспиралының «Тілде, идеяда, істе бірлік» деп, түрік әлемінің ортақ ұранын түсіндіруден бастаған док., профессор Сердар Салман адам денесінің түрлі бөліктерінде әртүрлі мақсаттарда қолданылатын биологиялық материалдардың түрлері мен маңызы, қолдану салалары, сонымен қатар, қазіргі таңда Биоматериалдар туралы ғылымының жеткен жетістіктері жөнінде бірқатар құнды ақпараттармен бөлісті.
Ал док., профессор Рамазан Козе Ғаламдық жылыну және оның салдары, сонымен қатар, дүние жүзіндегі парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін азайту, қоршаған ортаны қорғау және энергияны тиімді пайдалану жолдарын қарастыру әр адамның міндеті екендігін айтты. Сонымен қатар жиналғандарға бауырлас елдің жалынды сәлемін жеткізді.
Осылайша қызықты әрі пайдалы ақпараттарға толы өткен семинарда сұрақтар қойылып тиісінше жауаптар берілді.
Семинардан кейін Түркиядан келген қонақтарымыз кафедраларды аралап оқытушы профессолармен жақыннан танысты.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Түркістанға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан-Неміс университетінің (die Deutsch-Kasachische Universität) президенті, профессор ғылым докторы Вольрад Роммельпен кездесті. Онда Түркістанда аталған университетті ашу ұсынысы мен алғышарттары талқыланды.
-Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіз! Қазақстан мен Германия арасындағы білім саласы бойынша бітімгершілік пен серіктестің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктермен таныспыз. Оның ішінде Қазақстан-Неміс университетінің құрылуы – білім жүйесіне жаңашылдық алып келді. Хабардар боларсыз, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толды. Өңірде 2 милионнан астам тұрғын бар. Орташа есеппен 32 мың түлек мектеп бітірді. Бұл тұрғыда облысымыз республикада бірінші орында. Екі университет жұмыс істейді. Дегенмен жоғары оқу орындарын ашу идеяларын қолдаймыз.Сіздермен бірге жұмысшы топ қажетті шараларды ұйымдастыруға әзірміз, — деді Бейсен Дәулетұлы.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары өңір халқының 80 пайызы ауылдарда тұратынын жеткізді. Бірінші кезекте аграрлы салада мамандар даярлау өзекті. ІТ саласында кадрларға сұраныс жоғары. Соңғы бес жылда Түркістан облысында бірқатар шетелдік университеттер және институттардан филиалдар ашу туралы ұсыныстар келіп түсіп, бүгінде келісімдер жүргізілуде. Ғимарат салу уақытты қажет ететіндіктен, колледж нысандарында бастауға мүмкіндік бар. Тиісті бюджет есебінен студенттерге оқу гранттары қарастырылады.