13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Оқушылар химиядан білімі жоғары екенін дәлелдеді

19 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Оқушылар химиядан білімі жоғары екенін дәлелдеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Келес ауданындағы №4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Нұрболат Бекқұлов химияны кестелеп оқыту әдісімен сабақ береді.

«Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында химия пәнін кесте түрінде ықшамдап жасап шықтық. Бұл пәнді оқытудағы қиын тақырыптарды оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шәкірттердің пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын арттырып, қабілеттерін жетілдіре түседі. Әрі кесте арқылы оқыту – уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа тақырыпты тез игеруге жол ашады. Әдістемелік көмекші құралда тақырыптарды кестелермен бір жүйеге келтірудегі мақсат» – оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру, – дейді Нұрболат Бекқұлов, ауыл ұстазы, химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.

Оқушылары облыстық олимпиадаларда топ жарып жүрген ұстаз 10 жылдан аса уақыттан бері білім саласында еңбек етеді. Ол қолданатын оқу әдісінде «Химия пәнін кесте түрінде оқыту» атты әдістемелік құралда әр тақырып бір кестеге ықшамдалып берілген. Жалпы 77 кестені қамтитын оқу құралы 2 бөлімнен тұрады. Білікті ұстаз қазіргі таңда химиядан жаттығулар мен есептер жиынтығын құрастыруда. Онда түрлі деңгейдегі 150 тапсырма қамту жоспарланған. Алдағы уақытта бұл жинақ химияға қызығушылық танытқан жастарға көмекші құрал ретінде
Келесте 4 мыңға жуық шәкірт грант иегері атанған. Оның барлығын бір ұстаз дайындаған. Келесте 4000-ға жуық шәкірт химиядан грант иегері атанған. Келес ауданындағы №13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектептегі химия пәнінің мұғалімі Рахымжан Исмайлов 23 жылдан бері балаларды химия пәнінен оқытып келеді. Соңғы 10 жылдың өзінде 4000-ға жуық шәкірттері грант иегері атанды. Білікті педагог қосымша білім беру орталығында да сабақ береді. Оны көршілес аудандардан іздеп келетін оқушылар да бар. Айта кету керек, білікті педагог дайындаған оқушылардың көпшілігі Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты жоғары оқу орындарында білім алған. Сондай-ақ Рахымжан Эргешовичтің шәкірттері аудан, облыс, республика көлеміндегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Атап айтқанда 9-сынып оқушысы Жанат Сайданова химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы V республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жоғары білім деңгейін көрсетті. Ал 11-сынып оқушысы Марал Аманбаева химия пәнінен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесе өткізілген III облыстық Менделеев олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Оның авторлығымен жақында 7-8 сыныптар мен 10-сыныптарға арналған «Химия пәнінен тесттер жинағы», «ҰБТ-ға дайындық» әдістемелік жинақтары жарыққа шықты.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОРЛАР МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Next Post

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ» БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі