13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚЫТУШЫЛАР МЕН МАГИСТРАНТТАР АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТТІ

19 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚЫТУШЫЛАР МЕН МАГИСТРАНТТАР АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында Аманат партиясы мен Халық банкінің ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылықты арттыру» атты арнайы курс өтті.
Өңірдегі Қожа АХмет Яссауи атындағы университетінің қабырғасында өткізілген бұл арнайы курсқа 45 оқытушы мен 50 магистрант қатысып, апта бойы қаржылық сауаттылықтарын арттырды.
Белгілі қаржы сарапшысы Әзімбай Жандос Бекенұлының тренерлік етуімен өткізілген курс барысында жеке қаржыны басқарудан бастап, отбасылық бюджет жоспарлау мен үнемдеу жолдары, қарызданып қалудың алдын алу және одан жылдам құтылу әдістері және қаржылық пирамидалар мен алаяқтардан сақтану, оларға алданып қалудың алдын алу жолдары мен әдістері түсіндірілді.
Сондай-ақ, несие түрлері, пайыз ерекшеліктері, қаржыны тиімді пайдалану әдістері және шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсатында жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау гранттары туралы да жан жақты ақпарат берілді.
Бес күнге созылған бұл курстың соңғы күні қатысушылардан сауалнама алынып, арнайы сертификаттар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Түркістанға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан-Неміс университетінің (die Deutsch-Kasachische Universität) президенті, профессор ғылым докторы Вольрад Роммельпен кездесті. Онда Түркістанда аталған университетті ашу ұсынысы мен алғышарттары талқыланды.

-Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіз! Қазақстан мен Германия арасындағы білім саласы бойынша бітімгершілік пен серіктестің нәтижесінде қол жеткізген жетістіктермен таныспыз. Оның ішінде Қазақстан-Неміс университетінің құрылуы – білім жүйесіне жаңашылдық алып келді. Хабардар боларсыз, Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толды. Өңірде 2 милионнан астам тұрғын бар. Орташа есеппен 32 мың түлек мектеп бітірді. Бұл тұрғыда облысымыз республикада бірінші орында. Екі университет жұмыс істейді. Дегенмен жоғары оқу орындарын ашу идеяларын қолдаймыз.Сіздермен бірге жұмысшы топ қажетті шараларды ұйымдастыруға әзірміз, — деді Бейсен Дәулетұлы.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары өңір халқының 80 пайызы ауылдарда тұратынын жеткізді. Бірінші кезекте аграрлы салада мамандар даярлау өзекті. ІТ саласында кадрларға сұраныс жоғары. Соңғы бес жылда Түркістан облысында бірқатар шетелдік университеттер және институттардан филиалдар ашу туралы ұсыныстар келіп түсіп, бүгінде келісімдер жүргізілуде. Ғимарат салу уақытты қажет ететіндіктен, колледж нысандарында бастауға мүмкіндік бар. Тиісті бюджет есебінен студенттерге оқу гранттары қарастырылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОРЛАР МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі