13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

19 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі бүгін Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Жанкент» жалпы білім беретін мектебінің базасында салтанатты түрде ашылды.
Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Бірінші республикалық олимпиада басталды. Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі қатысты.

Ғани Бейсембаев Ақмола облысындағы №1 Қоянды жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесті. Еліміздің бас ұстазы қатысушылар алдында сөз сөйлеп, алдағы зияткерлік сайыста сәттілік тіледі.

«Пәндік олимпиадалар – бұл сіздердің алғашқы ғылыми ізденістерге жол ашатын, ғылымның әр түрлі саласында өз дарындарыңызды айқындауға мүмкіндік беретін ауқымды сайыс түрі. Бүгін сіздермен бірге еліміздің шалғай аймақтарындағы 90 мыңға жуық оқушы мектеп қабырғасында алған барлық білімдері мен дағдыларын көрсете алады. Пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы 23 оқушымыз ең беделді халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Келесі жылы солардың қатарында сіздер де болатындарыңызға кәміл сенемін», — деді министр.

Ауыл мектептеріне арналған Республикалық олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. Бұл бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға және шалғай елді мекендердегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған. Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін анықтау және қолдау білдіру, сондай-ақ, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар алуына жағдай жасау.
Олимпиаданың ашылу салтанатына өзім де барып қатысып, оқушыларға сәттілік тіледім.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 9-11(12) сынып оқушылары қатысуда.
«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған.
Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.
Бастапқы кезеңге қатысу үшін аuyl.daryn.kz сайтында Түлкібас ауданынан-1500 оқушы тіркелді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізілуде. Кезең қорытындысы орталықтың сайтында жариялатын болады.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі бүгін 20 қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілді өткізілді.

Previous Post

САУРАН АУДАНЫНДА «БІЛІМ БӘЙГЕ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОҚЫТУШЫЛАР МЕН МАГИСТРАНТТАР АРНАЙЫ КУРСТАН ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі