Облыстың бас ұстазы Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудандарға сапарын Түлкібаста жалғастырды. Дауан атындағы жалпы білім беретін мектепке келіп, қауіпсіздік жүйелерін тексерді. Білім ұясында 11 ішкі, 5 сыртқы бейнебақылау камерасы бар. Арнайы күзет қызметі бәрін қадағалап, мектепке келгендерді бақылап отырады. Дабыл батырмасы да тексерістен өткен. Қоршауы талапқа сай. Басқарма басшысы осы тұста қоршауды орнатқан мердігердің ұтқырлығын атап өтті. Олар қоршаудың тірек темірлердің төбесіне арнайы қақпа қойған. Бұл жаңбыр суының ішке кіріп, қоршаудың ерте қирамауынан құтқарады. Әрі ішіне қоқыс та толмайды. Мектеп газбен жылытылады. 1978 жылы пайдалануға берілген білім ордасына 10 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектеп 150 балаға шақталғанымен 2 ауысымда 300-ден астам бала білім алады. Алайда, қосымша ғимаратты қажет етеді.
Бұл мектептен шығып, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепке келді. 2010 жылы қолданысқа берілген білім ұясына күрделі жөндеу керек. Басқарма басшысы келесі жылы өтініш беріп, жауаптыларға қолға алуды тапсырды. 1200-ден астам білім алатын білім ордасы газбен жылытылады. 3 дабыл батырмасы мен арнайы мамандандырылған күзеті бар. 4 блоктан тұратын үлкен мектепте 24 бейнебақылау камерасы іске қосылған.
Келесі Сабыр Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұнда білім алатын 200 оқушының 79 бір реттік ыстық тамақ ішеді. Асханасының хәлі жақсы, ас мәзірі ілулі тұр. Балалардың денсаулығына зиян келтіретін заттар сатылмайды. Ішкі әжетхана және санитарлық тораптармен қамтамасыз етілген.
Басқарма басшысы тек білім ордасын ғана емес, балабақша жұмыстарын қадағалау күн тәртібінен түспейді дейді. Осы негізде Түлкібастағы Састөбе ауылында орналасқан “Қарлығаш” бөбекжай бақшасының жұмысымен танысты. 12 топтан тұратын балабақшада 299 бала тәрбиеленеді. 1972 жылы салынған ғимаратта бірқатар мәселе бар дейді басқарма басшысы. Бірінші кезекте ағымдағы жөндеуден бөлек, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Аудан тарапынан балабақшаның ішкі ауыз су, жарықтандыру, санитарлы тораптарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін ЖСҚ дайындалған. Ендігі кезекте басқармаға қосымша ұсыныс берілу керектігін айтты. Балабақша асханасындағы жылыту пеші ескірген. Мәселені назарға алған басқарма басшысы басқа аудандандарда “Е-асхана” пайдаланылып жатқан асханалардан пешті жеткізу керектігін айтты. Осылайша, мемлекет қаржысы да үнемделеді. Кей аудандарда жағдайы жақсы, бірақ көгілдір отынға көшкеніне орай жаңартылған пештері бар мекемелерден жұмылдырылатын айтты. Сондай-ақ, жақсы жағдайдағы жиһаздарды жеткізу жағын қолға алуды тапсырды.