Басқарма басшысы Түлкібас ауданындағы сапары барысында Алма Оразбаева атындағы мектепке келді. 2005 жылы қолданысқа берілген білім ұясы осы жылы күрделі жөндеуден өткен. Газбен жылытылатын мектепте қауіпсіздік жағының барлығы қарастырылған. Ерекше атап өтетін жайт — мектептің қоршауы. Бином мектептерінің қоршауы секілді сапалы қоршауы бар. Қоршауды ерекше етіп жасау — мердігер компанияның шешімі екен. Мердігер мекеменің салғырттығын сынға алып жүрген басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы бұл жолы мердігердің жұмысын жоғары бағалады. Күрделі жөндеу жүргізген компанияның бұл қадамына риза болды. Бұдан бөлек қоқыс тастайтын арнайы жәшіктерге жабық жаппа орналастырып берген. Экологиялық тазалықты сақтайтын қоқыс контейнері де сапалы. Осындай ыждақатылықпен жауапкершілік танытатын мердігерлерді басқа да білім мекемелеріне тарту керек дейді басқарма басшысы.Биыл Түркістан облысында 21 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Солардың бірі — Түлкібас ауданындағы Алма Оразбаева атындағы білім ұясы. Жоспар бойынша 2024 жылға өтпелі болған ғимараттың құрылысын мердігер мекеме үш айға жетпей аяқтаған.Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек елді мекенінде 300 орындық мектептің құрлысы жүргізіліп жатыр. Ғимараттың бүгінгі таңда қабырғасын қалау жұмыстарының 90 пайызға жуығы аяқталған. Мердігердің айтуынша, алдағы екі аптаның ішінде шатырын жабуға кіріспек.
Аталған нысанға аудан басшысы Нұржан Ізтілеуов арнайы барып, құрылыс барысын бақылап, сапалы әрі мерзімінде аяқтау бойынша біршама тапсырма жүктеп, мектепке кірер жолының құжаттарын тез арада рәсімдеуді ауыл әкіміне тапсырды.
Содан соң, аудан әкімі жауапты мамандармен бірге, Түлкібас кентінде ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Б.Момышұлы мектебіне табан тіреп, атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді.
Аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордаларының қатарына кіретін мектеп 2010 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 1200-ден астам оқушы білім алады.
Қас беті мен шатырының тозығы жеткен ғимаратқа биылғы жылы ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қазіргі таңда шатырын жабу 70 пайызға, ал қасбетін қаптау жұмыстары 50 пайызға аяқталып отыр. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы ғимаратты толық аралап, жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімінде аяқтауды мердігерге тапсырып, жауапты бөлім басшысына бақылауда ұстауды ескертті.