Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектепте «Даналық бейсенбі» тақырыбында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жалғасын тапты. «Отбасы Хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы, «Балалықтан даналыққа» кітабының авторы Мырзабаев Сейілбек Саттарұлы мен ата-аналар, ұстаздар арасында кездесу өтті.
Жазушы қазіргі уақытта отбасындағы бала орны, құндылыққа негізделген өмір сүру философиясы, ата-ана — бала — мұғалім арасындағы шешімін таппай тұрған бірқатар өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғап, өмірден көрген-білгенін, ұққан-түйгенін, ақыл-кеңесін айтып, түсіндірді.
Сонымен қатар, Сейілбек мырза қазақтың ертегі, қиссаларын, классикалық құндыдылықтарын бойына сіңіріп өскен бала өмірге, білімге, қай бағытқа, қай салаға, қай ғылымға бағыттасаңыз да түбі бір жерді тесіп шығатынына көзі жеткенін, тәжірибеде дәлелденгенін айтты.
Қызықты да пайдалы әсерге толы болған кездесуден соң ата-аналар, ұстаздар бала тәрбиесіне, ата-аналарға арналған «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының кітаптарымен танысып, кеңінен мағлұмат алды. Алдағы уақытта да бала тәрбиесіне берері мол осындай пайдалы іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету мақсатында облысымыздың білім беретін мектептерінде «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы, психолог, «Балалықтан даналыққа» кітабының авторы Сейілбек Мырзабаймен арт-кездесулер ұйымдастырылды. Кездесуге ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Кездесу барысында автор өз кітаптарының туындауына себеп болған дүниелерді айты келе, таныстырып отырған әдеби шығармалардың маңыздылығын ерекше айтып өтті. Ұсынылған кітаптардың таныстырылымынан ата-аналар жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың бар екеніне көздерін жеткізді. Педагогтар осы әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыратындарына сенімді болды. Кездесулер соңында жылы лебіздер айтылып, бірталай ата-ана ұнаған кітаптарын сыйлыққа алды.