Мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озат тәжірибені тарату және енгізу мақсатында Созақ ауданы, «Таукент гүлдері» бөбекжай-бақшасында «Бақбақгүл», «Жасмин» мектепалды топтарында 2022 жылғы қазан-қараша-желтоқсан айларында “Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күні бойында екі педагог” пилоттық жобасымен жұмыс жасаған болатын.
Пилоттық жобаның қорытындысы ретінде «Таукент гүлдері» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйымда балаларды ынталандыру, сенімділік, тәуелсіздік , физикалық жайлылық дағдыларын игерту, жоғары әлеуметтік қарым-қатынас пен құрмет қасиеттерін дамыту мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымда пилоттық жобаны іске асырудағы педагог-бала-ата-ана деңгейіндегі тиімді тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинарға облыстық білім беруді дамыту орталығының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңерушісі Г.Кульбаева, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері Г.Рыскулбекова, Созақ ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Смайлова, Созақ ауданының мобильді топ мүшелері, Түркістан, Сауран, Арыс, Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Созақ ауданы және Кентау қаласынан балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілер қатысты.
Семинардың ашылу рәсімі кезінде ТО ББДО «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңерушісі Г. Кульбаева және Созақ ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Смайлова cеминардың негізгі мақсаты мен бағдарламасына, білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру, балалардың интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету, жаңашыл технологияларды қолдануды жүргізудің тәсілдерін жақсарту жолдарының тиімділігіне тоқталып өтті және семинарға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің, Созақ, Бәйдібек аудандары бойынша меншікті тілшісі, Созақ аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Қарғабаев педaгогтер мен aтa-aнaлaрдың бiрiгiп, тәрбиелеу-бiлiм беру процесiне қaтысуы педaгогтер мен aтa-aнaлaрдың өзaрa iс-қимылының ең жоғaры деңгейi болып тaбылaтынын және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтасты нығайту мақсатында ұсыныс пікірін айтты. Балабақша меңгерушісі Тажиева Сандуғаш Оразымбетқызы қазіргі таңдағы мекеменің жұмыс барысы туралы тоқталып өтті.
Семинардың күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар тәжірибелік бөлімінде балабақша тәрбиешілерінің ұйымдастырған іс-әрекеттерін бақылады.
Семинар соңында қонақтар «Бақытты бала-бақытты ел» балабақша бүлдіршіндерінің концерттік шашуында өнерлі бүлдіршіндердің тамылжыта салған әніне, мың бұрала билеген биіне сүйсіне қол соқты.