Шардаралық кәсіпкер Данияр Омаров отбасының атынан 20 мектептің асханасына қажетті керек жарақтарды тарту етті. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің сұранысына қарай тоңазытқыш, аристон, желдеткіш, қол жууға арналған қазандықтар мен басқа да көптеген мектеп асханасына қажетті жабдықтар үлестірілді.
Бүгін таңда Шардара ауданы бойынша бастауыш сыныпта оқитын 8181 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Бұдан бөлек, кәсіпкер жыл сайын тамыз айында өтетін «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 1500 балаға мектепке қажетті заттар алып берген.
20 мектепке тарту етілген заттарды тапсыру үшін өткізілген жиында аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Нұсқабаева аталған мектеп ұжымы атынан кәсіпкерге алғыс білдірді.
— Мен бұл жасаған қайырымдылық ісімді мақтану үшін емес үлгі ретінде көрсеткім келді. Мектептерде ыстық тамақпен қамтылып отырған біздің жас бүлдіршіндерімізге қолайлы жағдай жасап, олдардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау әрқайсысымыздың міндетіміз деп білемін. Маған бүлдіршіндердің шынайы күлкісі мен елдің ыстық ықыласы маңызды.
Алдағы уақыттада қолымыздан келгенше көмектесіп отыруға дайынмын,»- деді кәсіпкер Данияр Омаров.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау нәтижесі бойынша облыстағы 110 асханасы жоқ мектептерде қосымша бөлмелер қарастырылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалды. Сондай-ақ, 51 мектепке модульдік асхана салу қарастырылуда», — деді Ардақ Мәдіханқызы. Брифинг барысында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мектеп асханаларының санитариялық талаптары мен ондағы тағамның қауіпсіздігі жіті бақылауда болатынын жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі мектеп асханаларының дайындығын пысықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз тараптарынан білім бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, тиісті шараларды жүзеге асыруға кіріскен.