13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДЫҚ МАМАН ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ

19 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДЫҚ МАМАН ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің инклюзивті білім беру бойынша әдіскері А.Бердіхан әдістемелік десант құрамында болып, Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп базасында Жетісай ауданына қарасты барлық білім беру ұйымдарының логопед-дефектологтарына әдістемелік көмек көрсетті.
Мақсат — Жетісай ауданына қарасты білім беру ұйымдарындағы логопед-дефектологтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша ақпараттық жұмыстар, әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізу.
Әдістемелік көмек барысында инклюзивті білім беру бойынша басшылыққа алынатын құқықтық-нормативтік құжаттар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың педагогикалық-психологиялық сипаттамасы мен санаттары, жалпы білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру, арнайы педагог құжаттарының бірізділігі туралы т.б. сұрақтарға жауап берілді.
Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы. Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату. Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы. Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау; Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді. Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.

Previous Post

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: «АСЫҚ АТУ» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТУДЕ

Next Post

Шардаралық жомарт жүректі кәсіпкер 20 мектептің асханасына қажетті керек жарақтарды тарту етті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі