13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс: Оқушылар О.Бөкейдің шығармаларын талқылады

16 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Арыс: Оқушылар О.Бөкейдің шығармаларын талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының «№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бакирова 10-шы сынып оқушылары арасында қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі — Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына байланысты сыныптан тыс танымдық сабағын өтті.

Мақсат — Оралхан Бөкей шығармаларын кеңінен насихаттау, таныстыру. Оқушылардың әдеби тілін дамыту, өз бетімен іздену, жазушының әңгімелері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай  ауылында дүниеге келген.

1968 жылдан бастап Алматы қаласына қоныс аударған.  Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991), 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы болды.
Сабақ барысында Алтайдың асқақ жыршысы » Мұзтаудың мұзбалағы» атанған Оралхан Бөкейдің өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейне баян көрсетілді. «Атау кере» шығармасындағы түрлі тағдырлармен туған жері Мұзтаудың табиғатын байланыстыра суреттеу жазушының асқақ ойлы екендігін оқушылар шебер тілде жеткізе білді.

Айта кетейік, Оралхан Бөкей – ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан біртуар тұлға. Қарымды қаламгер әдебиет әлеміне алғаш қадам басқан сәттен бастап шоқтығы биік шығармаларымен оқырман қауымның ықыласына бөленді. Жазушының жауһар мұралары көптеген шет тіліне аударылды, пьесалары еліміздің іргелі өнер ордаларында қойылып, көрермен көзайымына айналды. «Алтайдың Кербұғысы» атанған ерекше дарын иесінің шығармашылық жолы, азаматтық ұстанымы және қайраткерлік қасиеті – жастарға әрдайым үлгі-өнеге. Оның мол әдеби мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық бола беретіні сөзсіз.

Previous Post

Үйірмені қолға алған ұстаз

Next Post

Арыс: Ұстаздар тәжірибе алмасуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі