13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үйірмені қолға алған ұстаз

16 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Үйірмені қолға алған ұстаз
Share on FacebookShare on Twitter

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен Ыбырай Алтынсарин. Расында дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
Биыл Түркістан облысында «АртCпорт» жобасын іске асыруға 4,6 млрд теңге бөлінді. Оның 2,2 млрд теңгесі мәдениет саласындағы шығармашылық үйірмелерге беріледі. Облыс бойынша 30 мың бала спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы жауапты сала мамандарының басын қосқан алқа мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, жобаның басты мақсаты көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін үйірмемен қамту. Өткен жылы осы жобаны жүзеге асыруға 1,6 млрд теңге қаржы қаралған болатын. Алайда тексеріс барысында кейбір кәсіпкерлердің үйірмеге келмеген балаларды «қатысты» деп көрсетіп, мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны анықталды. Соның салдарынан шын мәнінде үйірмеге қатысуға мұқтаж бүлдіршіндер мемлекеттің қолдауынан тыс қалды. Сондықтан биыл жауаптылар жобаға қатысушылардың құжатын электронды түрде қабылдамақ. Мұқият тексеріп, «бармақ басты, көз қыстыға» жол бермейміз деп отыр.

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті — ұстаздардың қолында. Бүгінгі ұстаздардың мойнына артылар жүк жеңіл емес. Себебі қазір балаларға сабақ беріп қана қоймай оларды ұлттық құндылықтарды сақтауға, патриотизмге, өнерге баулу қажет. Осындай жан-жақты, оқушыларға тек дәріс беріп шектеліп қалмай, өнеріміздің дамуына ат салысып жүрген жанның бірі – Зарина Толаметова.

Төлеби ауданындағы Жеңіс жалпы орта мектебінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі, жиырма жылға жуық тәжірибесі бар шығармашыл ұстаз, педагог-зерттеуші Зарина Толаметованың жетекшілік етуімен «Өнерлінің қолы алтын» үйірмесі жұмыс істеп тұр.

Аталмыш үйірменің сабақтары Зарина Хажимурадқызының «Жүннен қолөнер бұйымдарын жасату» авторлық бағдарламасы бойынша өтілуде. Осы бағдарлама Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында І орынға лайық деп танылған болатын.

«Өнерлінің қолы алтын» үйірмесі өткен оқу жылында да жұмыс істеді. Жаңа 2023-2024 оқу жылында аталған үйірмеге 17 оқушы қатысып жүр. Бұл оқушылар үйірме сабақтарында көздің жауын алатын түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды үйренуде.

Previous Post

Түркістан облысы: Оқушылар сөз жарыстырды

Next Post

Арыс: Оқушылар О.Бөкейдің шығармаларын талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі