13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың 9-12 қазан күндері аралығында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Менің Отаным- Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының слеті өткізілді.
Слеттің басты мақсаты балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау; Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту; Тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; Білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу болып табылады.
Дәстүрлі болған Слет Қазақстанның жас туристері арасындағы азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына тартуға бағытталғанСлет үш блокта өтті: өлкетану, туристік, шығармашылық. Өлкетану блогы бойынша қатысушылар іздеу-зерттеу жұмыс жобаларын екі бағытта таныстырды «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» мен «Туризм-спорт, денсаулық, демалыс». Туристік блогында туристік кедергілер жолағын өтіп, жартасқа шықты. Шығармашылық блогында туристік әндер орындады.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің жалпы топтық туристік кезең жеңімпаздары:
I орын — Төле би ауданы;
II орын — Түркістан қаласы;
III орын — № 17 Ататүрік мектебі.
Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Previous Post

VIII ҰЛТТЫҚ “WORLDSKILLS KAZAKHSTAN” ЧЕМПИОНАТЫНА ТҮРКІСТАННАН 14 КОЛЛЕДЖ, 30 СТУДЕНТ, 29 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҚАТЫСАДЫ

Next Post

«ҰЛЫ ТҰРАН ҰРПАҚТАРЫ» АТТЫ ТУРИСТІК ЖАРЫСҚА 110 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі