13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҰЛЫ ТҰРАН ҰРПАҚТАРЫ» АТТЫ ТУРИСТІК ЖАРЫСҚА 110 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«ҰЛЫ ТҰРАН ҰРПАҚТАРЫ» АТТЫ ТУРИСТІК ЖАРЫСҚА 110 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 14-17 қазан күндері аралығында «Ұлы Тұран ұрпақтары» атты туристік жарыс өтті.
Жарыс мақсаты:
• Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау;
• Ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
• Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
• Тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
• Білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
• Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ және қарасты қала, аудандық бөлімдерден 110 оқушы қатыстырылды.
Жарыс «Кедергілер жолағы», «45 градуста траверс тарту», «Туристік әндер», «Туризм, спорт, денсаулық, демалыс», «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» кезеңдерінен тұрды.
«Ұлы Тұран ұрпақтары» туристік жарысының жалпы топтық туристік кезең жеңімпаздары:
I орын — Төле би ауданы, жетекшісі Қаныбеков Бахтияр;
II орын — Келес ауданы, жетекшісі Қалдаров Сәбит;
III орын — Түркістан қаласы, жетекшісі Бекбаев Абайхан.
Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Еске салсақ, былтыр Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік-спорттық лагерінде «Ұлы Тұран ұрпақтары» өлкетанулық фестивалі өтті.Фестивалге «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 110 үйірмеші қатысты.

Фестиваль мақсаты:

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту;

Салауатты өмір салтын насихаттау;

Оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру;

Топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау. Сонымен бірге өңірімізде балалар және жасөспірімдер туризмін өркендету бағытында және экология тақырыбындағы жұмыстарды жандандыруда аудандармен бірлесіп іс-шаралар атқару. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі көрсетілетін іс-тәжірибемен алмасу, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Семинарда тақырып аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Қарсыбай жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасады.

Бекітілген іс-шара жоспарына сай семинарға қатысушылар Біркөлік шатқалына жорыққа шықты. Таудағы саяхатта қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сақтық шараларының алғышарттары көрсетілді.

Фестиваль кезеңдері:

1. «Жасанды кедергілер жолағы» туристік жарысы.

2. «Туристік түйіндер» сайысы.

3. «Топографиялық белгілер» сайысы.

Фестивалдің ашылу салтанатында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызы жарысқа қатысушыларды құттықтап, үйірмеші топтарға сәттілік тіледі.

Фестивалге қатысушы қала, аудандық қосымша білім беру мекемелері үйірмешілерінің арасындағы жарыс тартысты өткен еді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ТҰРАН СКАУТТАРЫ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖИЫНЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі