13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

VIII ҰЛТТЫҚ “WORLDSKILLS KAZAKHSTAN” ЧЕМПИОНАТЫНА ТҮРКІСТАННАН 14 КОЛЛЕДЖ, 30 СТУДЕНТ, 29 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҚАТЫСАДЫ

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
VIII ҰЛТТЫҚ “WORLDSKILLS KAZAKHSTAN” ЧЕМПИОНАТЫНА ТҮРКІСТАННАН 14 КОЛЛЕДЖ, 30 СТУДЕНТ, 29 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҚАТЫСАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Чемпионат 2023 жылдың 19-27 қарашада Астана қаласында өтеді.
Айта кетейік, өткен жылы «Worldskills kazakhstan — 2022» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына Түркістан облысынан 14 колледжден, 29 кұзыреттілік бойынша 30 қатысушы, 29 эксперт қатысып бақ сынаған болатын. Есесіне, студенттеріміз ІІ орын — 5, ІІІ орын — 3, 5 медаль жеңіп алды. Өңіріміз аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 22 жасқа дейінгі аралықтағы 545 маман және 520 сарапшы қатысады.
WorldSkills — жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қауымдастық. Оның құрамына Қазақстан 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркелген.

WorldSkills қозғалысын дамытудың негізгі мақсаты — кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігін сынау.
Сайыстың үш күнінде, яғни 23-25 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзырет бойынша өз шеберліктерін ортаға салады.Олардың ішінде кірпіш қалау, кузов жөндеу, бастауыш сыныптарға сабақ беру, бизнеске арналған IT шешімдер, қонақүйдің қабылдаушысы, аспаздық, шаштараз және т.б. бар.

Республикалық чемпионаттың қатысушыларын марапаттау рәсімі 27 қарашада өтеді.

Жеңімпаздар келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Previous Post

АРЫС: ПӘН АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі