13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС: ПӘН АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫС: ПӘН АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 13-24 қараша күндері аралығында «Балдәурен» бастауыш пән бірлестігінің пән апталығы басталды.
Апталық нәтижесінде «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» тақырыбында мектепалды даярлық және 4 сыныптар аралығында пән мұғалімдері мектепішілік әдістемелік күнге ашық сабақтар өткізді.
Мақсат — бастауыш сынып оқушыларының танымдылық белсенділігі мен шығармашылығын дамыту, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын ояту. Нәтижесінде оқушылардың әр сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі артты.Барлық ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Айта кететін болсақ: «Мен қатесіз диктант жаза аламын», «Әдемі жазу – өнер» сайыстарында оқушылар көркем жазуларымен жарысқа түсті. Нәтижесінде сауатты, қатесіз жазатын оқушылар анықталды және марапатталды.
2-4 сыныптар арасында оқушылардың білімін шыңдауға бағытталған «Пәндер марафоны» ұйымдастырылды. Квест ойынында оқушылар бірнеше пәннен білімдерін сынап, қызу ойынға кірісті. Ойын жарыса отырып білім қуалаған оқушылардың көңілінен шықты.
Апталықтан ата-аналар да қалыс қалмады. 1 сыныптар арасында өткен «Көңілді эстафета» спорттық ойынында ата-аналар белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды. Отбасы болып қатысқан ойынның жас ұрпаққа берер тәрбиесі мол болды.
«Кітап –көзі ашыққа маржан», «Кітап білім бұлағы», «Кітап білімнің қайнар көзі», «Менің алғашқы кітабым» тақырыптарында 1-4 сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған кітапшалар көрмесін ұйымдастырды. Талантты да талапты оқушылардың өз қолдарымен жасаған туындылары таңқаларлықтай деңгейде болды.
Оқушылардың ертегі оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 1-4 сыныптар аралығында «Ертегілер еліне саяхат» атты қойылым болды. Әр сынып өздерінің оқыған ертегілерін көрсетіп, актерлік шеберліктерін паш етті.
Мектебіміздің мұғалімдерімен «Брейнг-ринг» интелектуалды ойынын Серикова А.А. мен Майшина А.К. жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мұғалімдер белсенділік танытып, ойынның барлық кезеңдерінде қызыға жұмыс жасады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА ТАҒДЫРЫ» АТТЫ МЕДИАФОРУМЫ ӨТТІ

Next Post

VIII ҰЛТТЫҚ “WORLDSKILLS KAZAKHSTAN” ЧЕМПИОНАТЫНА ТҮРКІСТАННАН 14 КОЛЛЕДЖ, 30 СТУДЕНТ, 29 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҚАТЫСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі