13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Балаларды қуантты

16 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Балаларды қуантты
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында кәсіпкерлер қатары жыл жылжыған сайын артып келеді. Өнім өндірудің түрлі салаларында тер төгіп жүрген кәсіп иелері демеушіліктен де алдыңғы қатардан көрініп келеді. Қазығұрт аудандық мектебінде биылғы оқу жылында білімгерлер үлкен қуанышқа кенелді.

Кәсіпкер Мақсұт Абылай Тайыржанұлының демеушілігімен «Мектепке жол» акциясы аясында МАД, 1-4 сыныптың 270 оқушысына спорттық аяқ-киімдер берілді. Мектеп оқушыларының ұлдар волейбол командасына фирмалық 10 спорттық киім, қыздар командасына 10 спорттық киімдер берілді.

Тағы 30 спорттық киімдер 1-тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқуын ынталандыру мақсатында үздік оқыған, тәртібі үлгілі, түрлі байқаулардың жеңімпаздарына берілетін болып келісіліп, мектепке берілді. Алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы демеушілік жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2023жылдың 1 тамыз — 1 қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Жақсылықты жаса» атты іс шара өтті. Акцияның мақсаты- аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болды. Аталған іс-шара Қарабау ауыл округінің әкімшілігі атынан көп балалы отбасынан шыққан екі оқушыға мектеп сөмкесін табыстаумен басталды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының, мектеп әкімшілігінің демеушілігімен «Алатау» тігін фабрикасынан мектебіміздің бес оқушысына мектеп формасы, екі оқушыға мектеп сөмкесі берілсе, 1 сынып оқушыларына мектепке қажетті құрал жабдықтары табысталды.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында Қазығұрт ауданы бойынша 70 мемлекеттік мектеп есігін айқара ашты.Соның ішінде 2570 оқушы 1-сыныпқа қабылданды. Бір қызығы, Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты мектептерде 32 егіз,оның ішінде 21- қыз бала, 11 ұл бала 1-ші сыныпқа барып, алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысқан.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫ:«Мектептегі тамақтандыру» үнемі бақылауда

Next Post

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМІ ӘЛЕМДІК АУДИТОРИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі