13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМІ ӘЛЕМДІК АУДИТОРИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛУДА

16 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМІ ӘЛЕМДІК АУДИТОРИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛУДА
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ташкент қаласында «Жібек жолындағы туризм» атты халықаралық туристік жәрмеңкесі өтуде. «Uzexpocentre» павильонында өтіп жатқан жиынға қатысуға 300 компания, 11 мың қонақ тіркелген. Жәрмеңкеге Өзбекстан Республикасының шақыртуымен Түркістан өңірінің туризм саласының өкілдері белсене қатысуда.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен арнайы ақпараттық алаңша құрылды. Онда қонақтар мен қатысушы компанияларға, жалпы әлемдік әртүрлі аудиторияға өңірдің туристік әлеуеті, бағыттары мен ерекшеліктері таныстырылып, жан-жақты мәліметтер ұсынылуда.

Тарихқа бай, қонақжайлықтың үлгісі саналатын Түркістан өлкесіне саяхаттау, оның ішінде туристік маршруттар, шипажайлар, қонақ үйлер және мейрамханалар жайлы ақпараттар көпті қызықтыруда. Қажетті мәліметтер қамтылған үнпарақтар мен имидждік заттар таратылуда. Сондай-ақ түркістандық делегация туристік жәрмеңкені аралап, басқа да қатысушы елдерге насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңа серіктестік қарым-қатынастар орнату мақсатында келіссөздер де жасалуда.

Бұл жәрмеңке — Түркістан облысы үшін көршілес мемлекетпен қатар, ТМД және Еуропа елдерімен де туризм саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты арттыру ауқымы кеңейе түспек. Яғни туристер ағынын көбейтуге және Түркістанның туризм индустриясын ілгерілетуге оң септігін тигізеді. Делегация шетелдік әріптестер, бизнес мамандарымен сұхбаттасу барысында саланы дамыту тәсілдері мен тәжірибелерін сөз етті.

17 қарашаға дейін жалғасатын іс-шара аясында «Ел туризмін дамытудағы мәдениеттің рөлі», «Жаңа туристік бағыттардың тұсаукесерлері», «Жекелеген өңірлердің туристік әлеуетін таныстыру», «Тұрақты туризм», «Туризмдегі Ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыптарында сессиялар өткізіледі. Айта кетейік, Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесі 1995 жылдан бастап БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады.

Previous Post

Балаларды қуантты

Next Post

Педагогтар тәжірибе алмасты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі