Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы — әлеуметтік-экономикалық ҚР дамуына үлкен мағына берген, көптен күткен Жолдау болды.
Қазығұрт ауданы «Ақжар жалпы орта мектебінің ұжымы «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» тақырыбындағы жолдау мазмұнымен танысу, жолдауда көрсетілген атқарылатын жұмыс бағдарымен танысу мақсатында мектептің мәжіліс залында жиналды.
Жолдау аясында мектеп директоры Г. Көпжасаров жолдаудағы білім саласына қатысты тұстарына тереңінен тоқталды.
“Мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырып, ағзаның тұтастай біркелкі жұмыс жасауы үшін қажетті қорегін – су деп алатын болсақ. Бүгінгі қоғамдағы судың қызметін атқаратын құрал ол — білім. Жолдаудағы білім мен ғылым саласының 2020 жылдан бері күрделі қаржыландырылып отырғанын, соның ішінде мұғалімдер жалақысының екі есе өскенінен көре аламыз.Қазақстан аумағы бойынша «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатыны көңіл қуантады. Биылғы жылдан басталған «Ұлттық қор – балаларға» жобасының іс жүзінде қолға алынғандығы мен алдағы жылдан бастап әрбір баланың есепшотына қаражат түсетіні ұлт болашағы үшін жасалынып отырған маңызды іс деп танимын.Әлемдік дамыған елдер тәжірбиесінде цифрландыру ісі мен жаңа инновацияны енгізу мәселесі алдыңғы орында, неге десеңіз білім мен ғылым саласының экономикалық әлеуетін арттыратын негізгі бағдары болып табылғандықтан мемлекет басшысы да жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы, білім экономикасына тың серпін бере алатындығымызды нақты көрсетіп отыр. Еліміздегі демографиялық өсім- білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ, тіпті өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан, 5 жастан асқан балаларға арналған “Келешек” атты бірыңғай жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Адал азамат және толық тұлға қалыптастырудың негізі бала кезден қалыптасады. Жас ұрпақтың қауіпсіз және алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез -келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті.
Сапалы тірі білім ғана саналы ұрпақты тәрбиелейді. Жалпыға қолжетімді білімді бәріне бірдей беру үшін ғаламтор желісінің жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары қолжетімді болуы нәтижелі жұмыстың кепілі екендігін Мемлекет басшысы нақтылап өтті»,- деді мектеп басшысы.
Өскелең ұрпақтың психикалық ахуалы өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институцианалды түрде күшейту қажет, бірыңғай сенім телефондарын ұйымдастыру жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керектігін ескертті. Біртұтас қоғамдық қасиет қалыптастыру үшін, мәдениетті, білімді, ғылымды дамытуға ұмтылуымыз қажет. Ол үшін-Абайдың “Толық адам” ілімінен бастау алатын тұжырымдаманы негізге алу керек.
Жиынға қатысушылар осы және өзгне де ойларымен бөлісіп, жаңа Жолдау білім саласының көкжиегін одан әрі кеңейте түсетініне сенім білдірді.