Түлкібас ауданы О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектепбінде «Адалдық, парасаттылық» апталығы аясында. жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді, адалдық қағидаттарын қалыптастыру, қоғамдағы жемқорлықпен күресуде жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Адалдық дүкені» жұмысын бастады. «Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда ұстаздар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді.
Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда ұстаздар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Ашылу салтанатына қатысқан оқушылар мен ата-аналар мұндай дүкеннің ашылуына таңданыстарын жеткізіп, жастарға білдірілген сенім үшін ұйымдастырушыларға, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Жалпы ауданда оқушылардың бойында адалдықты қалыптастыру бойынша ауқымды шаралар өткізіліп тұрады. Айталық «Ұрбұлақ» жалпы орта мектебінде Парасаттылық пен Академиялық адалдық мәселелеріне «Адалдық сағаты» апаталығының жоспарына сәйкес 2 «Ә» сынып оқушыларымен «Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдықты» насихаттайтын қойылым құрылды. Мақсаты: оқушыларға ар — ұждан, ұят, абырой туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыру арқылы, адамзатқа қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу болып табылады.Және де қазіргі таңда белең алып жатқан «Сыбайластық, жемқорлықты» болдырмау мақсатында жас буынға «Адал еңбектің наны тәтті» деген ұғымды ұғындыру.