Отырар ауданы, Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектеп кешенінде бүгін «Мектепішілік бақылау арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында аудан мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті.
Мақсаты: мектепішілік бақылау арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, білім сапасын көтеруге арналған әдіс-тәсілдерді қолдану.
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ембай Дархан, мектеп директоры Едигеева Тынышкүл семинарды ашып, бағдарламасымен таныстырды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Байзақ Жаныл семинарға қатысушыларды 5 топқа бөлді. Әр топ жетекшілерімен бірге жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 5 сабақ, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5 сабақтарға қатысты. Сонымен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар «Оқуға құштар оқушы» кітапхана жобасына, «Олар біздің мектепте оқыған» атты дөңгелек столға, «Даналық бастауы» әдеби-танымдық кешіне, білім жәрмеңкесі, зертханалық жұмыстарға, «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуда цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында шебер сыныптарға қатысты. МДОІО Байзақ Жаныл бірлестік жетекшілерімен бірге «Мектепішілік бақылау жұмысын жүргізу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Міндеттері:
-отбасылық мәдениетті қалыптастыру салалары: — қоғамының негізі ретінде отбасына деген көзқарасты нығайту;
— адамның тұрақты және табысты дамуы үшін отбасының маңызы туралы идеяларды қалыптастыру;
— білім алушының ата-анасына құрметпен қарауын, үлкендер мен кішілерге саналы, қамқор қарым-қатынасын нығайту;
— отбасылық өмірдің сүйіспеншілік, жақын адамға қамқорлық, ұрпақ жалғастыру, отбасы мүшелерінің рухани және эмоционалды жақындығы, өзара көмек және т.б. сияқты адамгершілік құндылықтарын игеру;
— өз отбасының әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатына қамқорлық жасаудың бастапқы тәжірибесін қалыптастыру;
— өз ұлтының, отбасының дәстүрлерін, Қазақстандағы өзге ұлттардың мәдени-тарихи және этникалық дәстүрлерін білу.
жеке мәдениетті қалыптастыру: — дәстүрлі адамгершілік көзқарастар мен моральдық нормалар, үздіксіз білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу және әмбебап рухани-адамгершілік құзыреттілік негізінде рухани даму, әлеуметтік бағдарланған, қоғамдық пайдалы қызметте шығармашылық әлеуетті іске асыру «жақсы тұлға болу» қабілетін қалыптастыру;
— ерік бостандығы мен рухани отандық дәстүрлерге негізделген адамгершілікті нығайту, білім алушының жеке басының ішкі көзқарасы өз ар-ұжданына сәйкес әрекет ету;
— адамгершілік қасиеттің мәнін, әлеуметтік бағдарланған және әлеуметтік пайдалы қызметті қалыптастыру;
— білім алушыларға негізгі ұлттық құндылықтарды, өз елінің ұлттық- рухани дәстүрлерін, салтын, әдет-ғұрпын игеру;
— жасөспірімнің жағымды моральдық өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі сыйлауы мен өмірлік оптимизмін нығайту;
— эстетикалық қажеттіліктерді, құндылықтар мен сезімдерді дамыту;
— моральдық таңдау негізінде жасалатын тәуелсіз қадамдар мен іс-әрекеттерге, олардың нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау қабілетін дамыту;
— жасөспірімде бастапқы кәсіби ниеттер мен мүдделерді қалыптастыру, болашақ кәсіби таңдаудың моральдық маңыздылығын түсіну;
Семинарды Ембай Дархан қорытындылап, семинарда сабақ берген ұстаздарды марапаттады.