Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі» МКҚК 125 жылдығын мерекелеу аясында өткен «Бурабай Қазақстанның інжу маржаны» атты ЭкоТурВЕЅТ республикалық фестивалінде Гран-При иеленді.
Қатысушылар: Шотаева Дамен, Сулешова Назира, Жумабаева Бибирабия.
Іс-шараға «Қоршаған орта», «Орман шаруашылығы» бейіні бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің құрамына кіретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты.
Жобалау жұмыстарының бағыттары:
— ғылыми: қорық аймақтарына келушілердің табиғатты зерттеуге, далалық бақылауларды жүргізуге қатысуы;
— табиғат тарихы турлары: қоршаған ортаны білу мақсатында қорық аймақтарына бару;
— шытырман оқиғалы-белсенді демалыс тәсілі: тау туризмі, су, шаңғы, сүңгу, сондай-ақ атпен саяхаттау;
— табиғи резерваттарға, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына саяхат.
Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжіне биыл 125 жыл толып отыр. Бұл республикадағы ең көне оқу орны. Айтулы мерекеге орай экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тәжірибе, идеялар мен шешім алмасуға бағытталған «Бурабай Қазақстанның інжу маржаны» ЭкоТурВЕЅТ фестивалі және республикалық конференция өтті.Жұмыс алаңдарында Щучинск-Бурабай курортты аймағы мысалында экотуризмді дамыту және танымал ету бойынша жаңа әрі креативті жобалар таныстырылды. Шараға тәжірибелі педагогтар мен табиғатты қорғай және туристік сала қызметкерлері қатысты.Айта кету қажет, 2015 жылдан бастап экология және орман шаруашылығы колледжі Қазақстанның жетекші оқу орындарының қатарында. Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының жаңартылған мазмұны бойынша студенттерді оқытып жатыр.