Созақ ауданы, Иманов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте «Жаңа әлемдегі – жаңа тарих: оқытудың қазіргі заман технологиясы» тақырыбында семинар өтті.
Білім беруді дамыту бағытында мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру, тарих пәні мұғалімдеріне кәсіби педагогикалық және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткен семинарға аудандағы тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне білім алушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары мен бағалау, тест түрлері, нәтижелерін талдау түрлерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Семинарда баяндама оқылды. Келген мұғалімдер жаңа интербелсенді əдіс тәсілдермен ұйымдастырылған сабақтарға қатысты. Тренинг өтті. Тəжірибе алмасты.
Бүгінгі семинарға қатысушылар жоғарғы деңгейде өткенін, жаңа әдіс — тәсілдердің дұрыс қолданылғанын, мұғалім шеберлігімен оқушыларды тез өзіне баурап, сабақ белсенді іс — әрекетпен өткенін айтты. Оқушылар да ешнәрседен қаймықпай, сабақта белсенділік танытып, өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетті.
Семинар барысында педагогтерге тарих пәнінен білім алушыларды тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары, тест түрлері мен тапсырмалардың ерекшеліктері, тест спецификациясы, оқулықтар, тест нұсқалары, дайындық жұмыстарының бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Семинар барысында А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Бауыржан Аманов «Тарих сабақтарында АКТ арқылы деңгейлеп-саралап оқытудың тиімділігі» тақырыбында, Иманов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Берік Тоқбаев «Қазақстан тарихы үйірмесінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында ашық сабақ өтсе, педагог-психолог Әйгерім Есмахатова психологиялық тренинг өткізді.
Семинарды әдістемелік кабинет әдіскерлері Әділет Амангелдиев пен Әсет Өтжанов қорытындылады.
Бұдан өзге, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес №36 жалпы орта мектебінде «Тарих пәнінен оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді мұғалімнің рөлі» атты тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен аудандық семинар өтті.Семинар мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгертулер енгізілуіне байланысты жаhандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, олардың білімге деген құштарлығын ояту және жаңа оқыту әдіс тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады