Білім беру саласы бойынша бүгінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында ақпараттық, ұйымдастырушылық жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.
Осы ретте бүгін Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мақсатында Түркістан, Сауран ауданы, Кентау қаласындағы білім беру ұйымдарында семинар өтті. Семинарға Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Расұл Самат, Құқықтық актілерді сараптау және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Альжан Сапарбеков, Түркістан облысының білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтерия заңгері Сейт Гүлмарал қатысты.
Семинар барысында Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, Кентау қаласы білім бөлімінің басшысы Әділ Арысбайұлы мен Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразгүл Қолдасова «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауап беріліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.
Семинардың соңы білім беру ұйымдарының басшыларының сұрақтар қойылып, білім саласындағы мәселелер талқыланды.
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатта 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пән кабинеттерімен, зертханалармен толық қамтамасыз етіледі. Түркістан облысында 900, 1200 және 2000 оқушы орындық мектептер салу жоспарланған. Бекітілген 86 мектепте 60 мыңнан астам баланың білім алуына барлық мүмкіндік жасалады.
Жобаның мақсаты – қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі, бірыңғай стандарттағы жабдықталған мектептер салу. Оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.
Түркістан облысында жалпы 983 (оның ішінде 75 жекеменшік) мектеп бар. Соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр.