13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіби біліктілік — педагогтың мәртебесі

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Кәсіби біліктілік — педагогтың мәртебесі
Share on FacebookShare on Twitter

Кәсіби біліктілікті арттыру кез келген маман үшін өте маңызды. Қазіргі таңда педагогикалық қызметті өзінің шығармашылық дамуы мен жетістіктерін қолдану арқылы және озық педагогикалық тәжірибе арқылы жүзеге асыра алатын мұғалімнің қажеттілігі артып отыр. XXI ғасыр заман талабы бойынша мұғалімнен жүйелі креативті ойлау, ақпараттық және коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттері, оң имидж қалыптастыру қабілеті, белгісіздік жағдайында тәуелсіз әрекет ету және күйзеліске қарсы дағдыларын меңгеру сияқты кәсіби қабілеттер талап етіледі. Жаңа типтегі оқу орындарының құрылуы, білім беру мазмұнының жаңартылуы мен кәсіптік қызметтегі басқару аспектілерін айқындалуы мұғалімдердің кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру қажеттілігін анықтайды. Педагогикалық кадрлардың сапалық деңгейі білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені барлық басқа бөлшектерді енгізу тікелей білім беру жүйесіндегі адами ресурстарға байланысты. Мұғалімдер өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқылы және міндетті. Біліктілікті көтеру көрсеткіші мекеменің аттестациялау және мемлекеттік аккредиттеу кезіндегі бағалауының маңызды бөлігі болып табылады.
Жақында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен Сарыағаш, Ордабасы, Түлкібас ауданы орта білім беру ұйымдарының оқу ісі орынбасарларына арналған «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында курс өтті. Курс барысында тренер – Гүлмира Қуанышбек «Педагог» кәсіптік стандарты, «Педагогикалық менеджмент», «Lessоn study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі», «Басқару практикасындағы мотивациялық теориялар» , «ІӘЗ әдіснамалық негізін ұйымдастыру және жүргізу» тақырыптары бойынша семинар-сабақ жүргізді. Білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында стратегиялық басқару құралдары,басқарушылық шешімдерді қабылдаудың тиімді моделін қалыптастыру, инновациялық менеджмент саласындағы білім мен дағдыларды қолдану және оқу ісі орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде курстың тыңдаушылар үшін берері көп болды.

Previous Post

Кітап оқыған озар

Next Post

Жемқорлықсыз білім - сапалы білім

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі