13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әдістемелік отырыс өтті

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Әдістемелік отырыс өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мектепке дейінгі ұйымда берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Осы орайда, Түркістан қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Балдырған» бөбекжай-бақшасының базасында тәрбиешілерге әдістемелік бағыт-бағдар беретін балабақша меңгерушілеріне арналған әдістемелік отырыс өтті.
Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” КММ “Білім мен инновация: Білім беру процесіне жаңа көзқарас” атты тақырыпта “Ашық есік күнін” өткізді.

Атаулы іс-шарада Түркістан облысы бойынша 5000-ға жуық педагог әдістемелік кеңес алды. Облыс бойынша алғаш рет қолға алынған жоба аудан/қаладағы білім беру ұйымдарында да ұйымдастырылды.

Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы; аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері ұйымдастырған бұл ауқымды іс-шараның басты мақсаты – облыс педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы проблемалық жағдайлар бойынша уақтылы шешімдер қабылдау бойынша қажетті консультативтік көмек көрсету болып табылады.

Мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен шығармашылықтарын қалыптастыруды дағдыланып, білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіру жөнінде кеңестер алды. Бұдан бөлек, өзара тәжірибе алмасты.

Құзырлы мұғалім құндылығы оқушы-тұлғаны ынталандырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту аталған “Ашық есік күнінің” ең негізгі міндеттері болып саналады.

Айта кетерлігі, бұл бастаманы жылына 2 рет қолға алу жоспарға енді. Өз кезегінде мұғалімдер қауымы үшін мұндай игі шараның берері көп.
Балаларға оқу-тәрбие жұмысын тиімді әрі нәтижелі жүргізу үшін нормативті құжаттардың жүргізілу жолдары мен маңызын түсіндіру мақсатында өткізілген әдістемелік отырыс барысында Түркістан қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдіскері Айгерім Қуандықова 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық, қолданыстағы білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламасына, балалардың бағдарлама мазмұнын игеру бойынша мониторинг нұсқаулықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде педагогтар сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіруге арналған «Ойдың жүйріктігі» атты тақырыптық ойын-тренингі ұйымдастырылып, балабақша басшылары белсенді түрде өз ойларын ашық жеткізді.

Аталған әдістемелік отырыс бұған дейін мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерімен өткен болатын. Алдағы уақытта жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдармен өткізу жоспарланып отыр.

Previous Post

Экологияға оқушылар да алаңдайды

Next Post

«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі