13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы ашылды

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Соңғы уақытта халқымыз жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан бірқатар жобалар қолға алынуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев : «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деген болатын. Соған орай, жас жеткіншектердің қызығып оқитын кітаптарын көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алған болатын.

Аталған  мемлекеттік жоба  аясында Арыс қаласының білім бөліміне қарасты қарасты №8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде кітапханашы Г.Жанайбекова мен педагог-ұйымдастырушы Н.Құдайбергенованың ұйымдастыруымен «ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды.

Аталған жиын шымылдығын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Мархабаеваға ашып, аталған білім ордасының кішкентай кітапқұмарларын салтанатты түрде клуб мүшелігіне қабылдады.

Жұмысын  бастаған клуб мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді түрлі гаджеттерден арылтып, баспадан шыққан қағаз нұсқадағы кітаптарды жата-жастана оқуға құштар ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және өз заманының озық ойлы, білімді тұлғалардың ортасын қалыптастыру.

«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы мектеп оқушыларына оқитын кітаптарына бағдар беріп, ай сайын кездесу ұйымдастырып оқыған, оқитын кітаптарына мектеп кітапханасында талқылау, оқушылардың қазақ, орыс тілдерінде жатық сөйлеп, өз ойларын ашық жеткізіп үйренуіне ықпал ету болып табылады. Қазақ, орыс әдебиетімен ғана емес әлемдік әдебиетінің классикалық шығармаларымен мектеп қабырғасында таныстыру да клубтың басты мақсаттарының бірі.

Кітап оқымаған адам-тамырсыз қаңбақ» демекші, жақсы кітаптарды оқу, ғаламторда отырып, теледидар қарағаннан көрі әлдеқайда көп пайда әкеледі.

Previous Post

Әдістемелік отырыс өтті

Next Post

Кітап оқыған озар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі