Экология мәселелері әлем назарында екені белгілі, бұл халықты толғандыратын проблемалардың рейтингінде жетекші орын алатынын байқау қиын емес. Қоршаған ортаны құтқару, аялау бағытында ғалымдар дабыл қағып, түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Елімізде балаларға қоргаған ортаны таныстыру және қорғау керектігін ұғындыратын түрлі шаралар атқарылып келеді. Сондай-ақ экология мәселесін шешуге ат салысып жүрген оқушылар да бар.
Осы ретте жақында Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында «Жаһандық климаттың өзгеруі және экологиялық дағдарыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Нобель сыйлығының лауреаты CHUNG RAE KWON (Чунг Рае Квон) мырза мен Дулати университетінің ректоры Мұхтар Қазбекұлы және профессор-оқытушыларына, «Қазфосфат»ЖШС өкілдері қатысты.
Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы келген қонақтарды тыныс-тіршілігімізбен және жаңалықтарымызбен таныстырып, жаңа жобаларды таныстырды. Қонақтар әсіресе “Керамика”, “Зергерлік өнер”, “Спутниктік робототехника және ғарыштық байланыс” үйірмелерінің жұмыстарына ерекше қызығушылық танытты.
Әріқарай конференция залында жоғарыда аталып өткен тақырып аясында дөңгелек үстелмен жалғасты. Онда экологиядағы өзекті проблемаларды қарастырып, олардың шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан Оқушылар сарайының ұстаздары мен оқушылары, алдағы уақытта экология мәселелеріне байланысты жобаларды іске асырмақ. Түркістан облысындағы білім беру мекемелерінде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынның «Экология болашағы» бағытын іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Білім беру жүйесіне экологиялық аспектілерді интеграциялау аясында облыс мектептерінде орта мектеп бағдарламасына сәйкес 9 сынып оқушылары «Экология негіздері» курсымен 100 пайыз толық қамтылған.
Оқушылардың үздік жасыл тәжірибелер мен технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету, оларды қосымша білім берумен қамту мақсатында облыс мектептерінде 75 мектеп жылыжайы жұмыс істейді. Алдағы оқу жылында мектеп жылыжайларының санын 288-ге жеткізу жоспарланып отыр. Аталған мектеп жылыжайларында оқушылар «Экология негіздері» курсынан өтетін болады. Сонымен қатар облыс колледждерінде 16 жылыжай жұмыс істеп тұр.
Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мақсатында облыстағы барлық балабақшаларда, мектептер мен колледждерде «Тірі табиғат бұрыштары» және мектеп жанындағы аумақтық көгалдандыру жүйелері құрылған. «Тірі табиғат бұрыштарында» бастауыш сынып оқушылары «Дүниетану», ал, жоғары сынып оқушылары «Экология негіздері» курстарында сабақтан тыс жұмыстар жүргізеді.
Өңірдегі 53 қосымша білім беру мекемелерінде 28500 оқушы, мектептегі үйірмелерде 355 600 оқушы қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 70,1%-ды құрады. Жоспарға сәйкес 2022 жылы қосымша біліммен қамтылған оқушылар үлесін 75,5%-ға жеткізу жоспарланған. Біліммен қамту барысында экологиялық-биологиялық бағытқа басымдық берілген. Флора және фауна әлемі, жас эколог және жас натуралистер үйірмелері тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.