13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Балалар компастың көмегімен төңіректі бағдарлады

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Балалар компастың көмегімен төңіректі бағдарлады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында орналасқан Оқушылар сарайындағы «Спутниктік робототехника және байланыс» үйірмесі «Компастың көмегімен төңіректі бағдарлау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сарай ауласында өткен сабаққа «Спутниктік робототехника және байланыс» үйірмесінің оқушылары қатысып, олар алдымен компастың құрылысымен танысты. Содан соң қолдануды меңгеріп, бағытты анықтай білуге дағдыланды және кеңістік туралы кеңінен білім алды. Сонымен қатар, берілген азимуттағы объектлерді анықтау, компасты қолданып төңіректі бағдарлау, компаспен жұмыс жасау кезінде сабырлылық таныту, ине, ыдыстағу су, жапырақ көмегімен компас жасау сынды тапсырмаларды орындады.

Тиісінше, оқушылар компастың құрылысын біліп, оны қалай пайдалану керектігін ұғынды. Жаңа ұғымдармен танысып, тың ақпараттар алды.

Айта кетейік, Оқушылар сарайындағы спутниктік робототехника үйірмесі еліміздегі жалғыз үйірме. Оған 30-ға жуық бала қатысса, басым бөлігі қыз балалар. Болашақ ғалымдар ғарышта наноспутникпен байланыс орнатып үлгерді. Олар өз жұмыстары арқылы ауа температурасы, қысым, ылғалдылық пен ауаның ластануы туралы мәліметтер жинады. Жоба жетекшісі Еркін Ақтаевтың айтуынша, балалар теория арқылы нанотехнологияда микросұлбаларды құрастыруды үйренеді. Содан кейін олар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы барлық қажетті ақпаратты енгізеді. «Басты мақсат – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсету, бағыт-бағдар беру. Бұл үйірмеге 12 жастан асқан ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады», — дейді ол. Үйірмеге қатысушылар аз уақытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Өткен жылы атмосфераның жоғарғы қабатына 2 заманауи наноспутник ұшырылды. Салмағы 1-ден 10 келіге дейінгі шағын ғарыш аппараттарына бірнеше камера мен сенсорлармен жабдықталған. Осылайша, осы наноспутниктердің көмегімен атмосфераға қатысты бірқатар ақпарат алынды. Қазан айында олар жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр.

Previous Post

Түркістандық ұстаз авторлық бағдарлама жасады

Next Post

Экологияға оқушылар да алаңдайды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі